“Алақай” қуыршақ театры “Собака” қойылымы үшін “Лучшая работа художника” номинациясын иеленді

Ақтөбе облыстық «Алақай” қуыршақ театры 4-8 қазан аралығында Ақмола облысы, Көкшетау қаласында өткен Халықаралық “TeART-Көкше” фестивальінде грузин жазушысы Н.Думбадзенің әңгімесі желісі бойынша сахналанған “Собака” қойылымын көрермен назарына ұсынды.Бұл қойылым режисер Антон Зайцев, суретші Асия Курманалина (Мәдениет саласының үздігі), композитор Дина Ниязова (Мәдениет саласының үздігі) жұмыстарының жарқын көрінісі.

Сонымен қатар өнер бәйгесінде Қазақстандық және шет елдік театрлар көрермен назарына ең үздік туындыларын ұсынды.Ал театр ордаларына әділ-бағаларын беріп, төрағалық еткен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сания Қабдиева (Қазақстан), “Золотая маска” фестивалінің театр сарапшысы Нияз Игламов (Ресей), Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің вице-президенті Лаша Чхартишвили (Грузия), Бішкек қалалық драма театрының көркемдік жетекшісі Цыцыгма Өміралиева (Қырғызстан), Ұлттық театр сыйлығының театр сараптамалық кеңесінің төрағасы Глеб Ситковский (Ресей) секілді ең үздік театр сыншылары болды.

“ТеART-Көкше” фестивальі қортындысы бойынша “Алақай” қуыршақ театры “Собака” қойылымы үшін “Лучшая работа художника”/ “Суретшінің ең үздік жұмысы” номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленді