Театр туралы

Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 1985 жылы 29 қарашада ашылды. 36 жыл ішінде 100-ден астам спектакльдер қойып, миллионнан астам көрерменге қызмет көрсетіп келеді.

Театр репертуарында қазақ халқының ертегісі «Ұр, тоқпақ!», «Дала аңызы, уа,Алдар!», С.Қалиевтің «Қоянның қулығы», М.Бартенев «Қайырлы күн!», А.Қадыров «Малшылар патшасы», Х.Гюнтер «Мүйізтұмсық пен Керік», В.Павловскис «Бақашық пен теңіз», А.Веселов «Күн іздеген аққалалар», Е.Чеповецкий «Внимание, Клоунада», М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..», А.Болдинов «Қияндарға кетпеші…» және әлемдік классикалық әдебиет үлгілерінен ағылшын ертегісі желісімен И.Готкинаның «Дулитл хикаялары», әлемге әйгілі дат ертегішісі ХК.Андерсеннің ертегісі бойынша «Ұсқынсыз үйрек», «Су перизаты» В.Гауфтың «Мукраттың жазасы», жапон халық аңызы бойынша «Аспандап ұшқан ақ тырна», халық аңызы бойынша қойылған «Дала аңызы уа, Алдар!», Н.В.Гогольдің «Шинель» повесінің желісі бойынша «Шапан», грузин жазушысы Н.Думбадзенің әңгімесі желісімен сахналанған “Собака” қойылымдары екі тілде тұрақты жүреді.

2001 жылдан бері облыстық «Алақай» қуыршақ театры көптеген халықаралық фестивальдердің лауреаты, дипломанты атанды. 2007 жылы «Кәсіби мүмкіндігі жоғары театр» атағын иеленсе, 2008 жылы ТМД елдерінің ең таңдаулы «XXI ғасыр театры» деп бағаланды.

“Оренбург қарбызы”, “Республикалық театр”, “Рязанда қыз көру”, “Екеу аз, үшеу көп”, “Ортеке”, “Жұмыс істейтін кішкене жылқы”, “Чир Чайаан”, “Алтын бетперде”, “Дарынды ғасыр бас иеді”, “Чодари хаел”, “Ұлы Ақжелкен”, “Наурыз”, “Ассалаумағалейкум – III”, “Батыс Қазақстан аймақтық форум-фестивалі”, “Бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалы”, “Тақ-теке”, “Маршак”, “Балауса” эксперименталды қойылымдар, “Буа: Диалог кеңістігі” сынды фестивальдерге қатысып, жүлделі орынды иеленген.

Сондай-ақ, театр актерлері Гүлнәр Байғамамбетова, Ләззат Сүлеймен, Ақбөбек Жанәділова, Ербол Ермағамбетов, Нұрат Мұратов Қазақстан Республикасының бірінші президенті қорының лауреаты. Мұнымен қатар, Ербол Исмағұлов “Ең үздік актер”, Әлібек Ермекбаев “Үздік музыкалық көркемдеу” номинацияларымен марапатталған.

2004 жылы театр базасында “Ассалаумағалейкум!” атты І халықаралық фестиваль өтті.  Аталған шараға Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның өнер ордалары қатысты. Бұдан кейін аталған фестиваль 2010, 2015 және 2018 жылдары өтті.

2015 жылы театрдың 30 жылдық мерейтойына арнап “Ассалаумағалейкум, Алақай!” кітабы басып шығарылды.

Жыл сайын театр қойылымдарына жаңалық енгізу үшін Станислав Железкин, Григорий Гипиков, Юрий Фридман секілді Ресейдің халық әртістері шақырылады. Олар тәжірибесін бөлісіп, әртүрлі тақырыпта шеберлік сабақтарын өткізеді.

Краснояр режиссері Евгений Пермяков пен театрдың бас көркемдік жетекшісі Әсия Құрманалина бірігіп қойған “Аттардың жалын кім өреді?” атты қойылымы көрерменнің оң бағасына ие болды. Бүгінде осы қойылым театрдың бойтұмарына айналып отыр.

Соңғы 15 жылда “Алақай” театрының ұжымы Оренбург қаласындағы мемлекеттік театр мен “Пьеро” атты қуыршақтар театрына гастрольдік сапармен барып жүр. Сондай-ақ, шетелдік екі театр әртістері де қазақстандық театрға келіп, өнерін көрермен қауымға паш етуде. Ақтөбе облыстық қуыршақтар театры бар шабытты жеткен жетістігінен алады. Ең бастысы, әртістерде кәсібіне деген махаббат бар. Сондай-ақ, осы күнге дейін барлық қойылым көрерменнің оң бағасына ие болып үлгерді.

Бүгінде «Алақай» театры  

2001 жыл

РФ Оренбург қ. фестиваль «Оренбургский арбузник»

О.Высоцкий, И.Дмитриев «Ох и Кузьма!» спектаклі

2002 жыл

Қазақстан, Алматы қ. фестиваль «Республикалық театр»

В.Павловскис «Бақашық пен теңіз» спектаклі

Номинация «Ең үздік әйел адам рөлі»

2003 жыл

РФ,  Пермь қ. «Большой Урал – Приволжье» фестивалі

Қазақ халық ертегісінің желісімен «Ұр, тоқпақ» спектаклі

 2005 жыл

РФ Рязань қ. «Рязанские смотрины» фестивалі

М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..»  спектаклі

2006 жыл

Болгария, Пловдив қ. «Двое мало, трое много» фестивалі

М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..»  спектаклі

2006 жыл

РФ Оренбург қ. «Оренбургский арбузник» фестивалі

«Дала аңызы уа, Алдар!» спектаклі

2007 жыл

Греция, Килкис қ.

М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..» спектаклі

2007 жыл

Қазақстан, Ақтау қ. «Ортеке» фестивалі

М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..» спектаклі

2008 жыл

Татарстан Набережные Челны қ. «Рабочая лошадка»  фестивалі

А.Болдинов «Қияндарға кетпеші» спектаклі

Номинация «Ең үздік лирикалық спектакль»

2008 жыл

Түркия, Люлебургаз, Эдирне, Чорли, Киркларели қалалары

М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..» спектаклі

2008 жыл

Хакасия Абакан қ. «Чир Чайаан» фестивалі

М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..» спектаклі

Номинация «Ең үздік экологиялық музыкалық спектакль»

2008 жыл

РФ г.Москва «Чаепитие в Мытищах» фестивалі

Х.Гюнтер «Мүйізтұмсық пен Керік» спектаклі

2009 жыл

РФ Москва қ. «Золотая маска» фестивалі

М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» спектаклі

2009 жыл

Қазақстан Алматы қ. «Дарындарға ғасыр бас иеді» фестивалі

«Дала аңызы уа, Алдар!» спектаклі

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті қорының лауреаты

Баймағамбетова Гүлнар, Сүлеймен Ләззат, Жанәділова Ақбөбек, Ермағамбетов Ербол, Ысмағұлов Ербол, Мұратов Нұрат

 2010 жыл

Тәжікстан, Душанбе қ.  «Чодари хаел» фестивалі

М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» спектаклі

2010 жыл

Татарстан Набережные Челны қ. «Рабочая лошадка» фестивалі

М.Супонин «Қиқар қоян»  спектаклі

2011 жыл

Сербия Субботица қ.

М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» спектаклі

Номинация «Ең үздік актер» Исмағұлов Ербол, «Үздік музыкалық көркемдеу» Әлібек Ермекбаев

2011 жыл

Қазақстан, Алматы қ. «Ортеке» фестивалі

С.Балыков «Тізгініңді босат та, құстай самға!» спектаклі

Номинация «Ең үздік суретші жұмысы» Ә.Т.Құрманалина

2012 жыл

РФ Екатеринбург қ.  «Петрушка Великий» фестивалі

С.Балыков «Тізгініңді босат та, құстай самға!» спектаклі

2013 жыл

Татарстан Қазан қ. «Науруз»  форум-фестивалі

С.Балыков «Тізгініңді босат та, құстай самға!» спектаклі

2013 жыл

Қазақстан, Ақтөбе қ. «Ассалаумағалейкум – III» фестивалі

Х.К.Андермен «Ұсқынсыз үйрек» спектаклі

2013 жыл

Қазақстан, Орал қ. «Батыс Қазақстан аймақтық форум-фестивалі»

М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» спектаклі

Номинация «Ең үздік спектакль», «Ең үздік сценография» Ә.Т.Құрманалина

2013 жыл

Қазақстан, Астана қ. «Ортеке» фестивалі

«Дала аңызы уа, Алдар!» спектаклі

Номинация «Қуыршақ театрының дәстүрлі үлгілеріне адалдығы үшін»

2013 жыл

Қазақстан, Алматы қ. «Бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалы»

М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» спектаклі

Бас жүлде

2014 жыл

Татарстан Набережные Челны қ. «Рабочая лошадка» фестивалі

И.Пегр «Кутясик пен Кутилканың бір күні» спектаклі

Номинация «Ең үздік көркемдік безендіргені үшін» Ә.Т.Құрманалина

2014 жыл

Қазақстан, Алматы «Алматы – мәдени астана», «Достастық -2014» ТМД елдеріне қуыршақ театр фестиваліне арнайы шақырту

«Дала аңызы уа, Алдар!» спектаклі

2014 жыл

Башқұртстан, Уфа қ. Театральное Поволжье – «Ниточка» фестивалі

М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» спектаклі

Номинация «Үздік стилистикалық шешім үшін»

2015 жыл

Қырғыстан, Бішкек қ. «Тақ-теке» фестивалі

В.Павловскис «Бақашық пен Теңіз» спектаклі

2015 жыл

Қазақстан, Қостанай қ. «Ортеке» фестивалі

Г.Қалдина «Сезім жібі» спектаклі

Номинация «Ең үздік көркемдік пластикалық шешім»

2015 жыл

РФ Воронеж қ.  «Культурное столица СНГ» «Содружество 2015» фестиваль «Маршак» фестивалі

С.Балыков «Тізгініңді босат та, құстай самға!» спектаклі

2016 жыл

РФ Иваново қ. «Муравейник» фестивалі

С.Балыков «Тізгініңді босат та, құстай самға!» спектаклі

 2016 жыл

Хорватия Загреб қ.

М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» спектаклі

Номинация «Үздік актерлік ансамбль»

2017 жыл

Қазақстан, Астана қ. «Қ.Сүгірбеков атындағы жас режиссерлердің форум- фестивалі»

Н.В.Гоголь повесінің желісімен «Шапан»  спектаклі

III – орын

2017 жыл

Қазақстан, Түркістан, Шымкент қ. «Ортеке фестивалі

Н.В.Гоголь повесінің желісімен «Шапан» спектаклі

«Ең үздік спектакль»

2018 жыл

Қазақстан, Ақтөбе «Балауса» эксперименталды қойылымдар  фестивалі

С.Балыковтың «Тізгініңді босат та, құстай самға…» спектаклі

Номинация: «Жоғары кәсіби деңгейі үшін»

2018 жыл

Татарстан, Набережные Челны қ. «Рабочая лошадка» фестивалі

«Қаңбақ шал»  спектаклі

Номинация «Үздік суретші жұмысы»

Ә.Т Құрманалина

2018 жыл

Татарстан, Буа қ. “Буа: Диалог кеңістігі” фестивалі

Н.В.Гоголь повесінің желісімен «Шапан» спектаклі

2021 жыл

Ақмола облысы “TEArt-Көкше” фестивалі

Н.Думбадзенің әңгімесі желісімен “Собака” спектаклі

Номинация «Үздік суретші жұмысы»

Ә.Т Құрманалина