Халықаралық «Ассалаумағалейкум -V» қуыршақ театрлар фестивалі

2018 жылдың 22-27 қыркүйек аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Бақытты бала» жобасы аясында Халықаралық «Ассалаумағалейкум –V» қуыршақ театрлар фестивалі өткізілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, халықаралық байланысты күшейту және өзара театр мәдениетін байыту. Қуыршақ театр өнері мен еліміздің ұлттық мәдениетін өркендету фестивальдің басты мақсаты мақсаты болып табылады.

Фестивальге Ресей Федерациясы, оның ішінде Татарстан, Башқұртстан, Удмуртия, Ханты Мансий автономды округі, сонымен қатар Беларусия және Қазақстаннан барлығы 14 театр ұжымы қатысуда.

Қазылар алқасының төрағасы – Ресей театр режиссеры, продюссер Бурман Давид Семенович (Санкт-Петербург қ.), мүшелері – театртанушы, театр сыншысы, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Давлетшина Дина Гатуевна (Уфа қ.), режиссер, актер – Гипиков Геннадий Никитович (Жигулевск қ.), театртанушы, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті – Еркебай Анар Саимжанқызы (Алматы қ.) және Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы – Қорғанбаева Маржан Нағашбекқызы (Ақтөбе қ.).

23 қыркүйек «Ассалаумағалейкум-V» қуыршақ театрлар фестивалінің ашылу салтанаты болып өтті. Аталған шарада Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы сөз сөйлеп, фестиваль қатысушылары мен қонақтарына ізгі тілегін жеткізіп, сәттілік тіледі.

Фестивальдің салтанатты жабылуы 26 қыркүйек сағат 18:00 де «Алақай» қуыршақ театрында өткізілмекші.