«Assalaumalauleikum-V» қуыршақ театрларының халықаралық фестивалінің сараптау комиссиясының мүшелері

ҚЫМБАТТЫ ТЕАТР СҮЙЕР ҚАУЫМ!
Халықаралық «Ассалаумағалейкум-V» қуыршақ театрлар фестивалінің сараптама комиссия мүшелерімен таныс болыңыздар!

Халықаралық КУКАRТ фестивалінің Президенті және директоры, «Интерстудио» автономды коммерциялық емес ұйымының директоры, Ресей театр режиссеры, продюссер, театр продюссері, РФ Театр Қайраткерлері одағының мүшесі, Санкт-Петербург қ. Әкімшілігі мәдениет комитетінің мемлекеттік емес театрлар бойынша сараптама одағының мүшесі, сараптама комиссиясының төрағасы – Бурман Давид Семенович (Санкт-Петербург қ.)
Театртанушы, театр сыншысы, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, театр өнерінің өзекті проблемалары бойынша көптеген мақалалардың авторы, «Нур» Уфа татар театры директорының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары, сараптама комиссиясының мүшесі – Давлетшина Дина Гатуевна (Уфа қ.)
Театртанушы, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доцент, Халықаралық театр сыншылары ассоциациясының мүшесі (IATC), М.О.Әуезов атындағы дарынды жас ғалымдарға берілетін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан театр қайраткерлері одағының “Еңлікгүл” сыйлығының иегері, сараптама комиссиясының мүшесі – Еркебай Анар Саимжанқызы (Алматы қ.)
«Дюймовочка» қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, режиссер, актер, сараптама комиссиясының мүшесі – Гипиков Геннадий Никитович (Жигулевск қ.)
Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, сараптама комиссиясының мүшесі – Қорғанбаева Маржан Нағашбекқызы.