Н.Гогольдің «Шапан» қойылымы көрсетілді

Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында облыстық «Алақай» қуыршақ театры қазақ-түрік лицейінің оқушылары үшін 2024 жылдың 1 наурыз күні Н.Гогольдің «Шапан» қойылымын көрсетті. Оқу бағдарламасы бойынша өтіп жатқан сабақ тақырыбы мен сахналанған қойылым арқылы шығарманың түпкі мәнін жете түсініп, қандай да бір ой түйіндеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Театр репертуары әлі де тәрбиелік мәні зор, сыбайлас жемқорлықққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын қойылымдармен толықтырылмақ.

Сонымен бірге театрға келетін жас көрермендерге сыбайлас жемқорлық бойынша екі тілде жазылған аудио жазба тұрақты түрде қосылып, тыңдатылады.