Мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тақырыптық қойылым көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, облыстық «Алақай» қуыршақ театрында №36 орта метебі оқушыларына Н.Гогольдің «Шапан» повесінің желісімен қойылған «Шапан» спектаклінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын көркем түрде түсіндіру. Қойылым барысында сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның қоғамға тигізер кері әсері кейіпкерлер арқылы бейнеленіп, оқушыларға ой салды. Көркем сахналық көріністер арқылы балалар дұрыс пен бұрысты ажыратуға, адал жолды таңдауға шақырылды. Облыстық «Алақай» қуыршақ театры комплаенс қызметімен бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табады. 2026 жылдың 4-тоқсанында Д.Исабеовтың «Құстар фестивалі» қойылымын көрсету жоспарланған.