Комплаенс офицері туралы ережені таныстыру жиналысы

Облыстық «Алақай қуыршақ театрында өзгерістер енгізілген комплаенс офицері туралы ереженің негізгі талаптарын түсіндіру және таныстыру мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында комплаенс офицерінің негізгі міндеттері мен функциялары, оның қызметінің мақсаты, құқықтары мен жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және заң талаптарын орындау мәселелері талқыланды. Қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында заңдылық, ашықтық, адалдық және әділдік қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шараларды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.