Мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тақырыптық қойылым көрсетілді

№36 орта мектептің 8 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Алақай» қуыршақ театрында тақырыптық қойылым көрсетілді. Бұл Н.Гогольдің “Шапан” қойылымы. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын көркем түрде түсіндіру. Қойылым барысында сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның қоғамға тигізер кері әсері кейіпкерлер арқылы бейнеленіп, оқушыларға ой салды. Көркем сахналық көріністер арқылы балалар дұрыс пен бұрысты ажыратуға, адал жолды таңдауға шақырылды.