«ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалі

Құрметті қуыршақ өнерін қадірлейтін қауым, сүйікті көрермендер! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  6-8 сәуір аралығында  облыстық  «Алақай» қуыршақ театры мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарына «ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалін өткізетіндігін хабарлаймыз!!!

Фестивальдің өткізілу мақсаты мен міндеттері:

  • жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
  • балалардың шығармашылығын деңгейін көтеру, қолдау, дамыту;
  • балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту;
  • театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту;

Фестивальдің өткізілу талаптары:

  • фестивальге мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған театр үйірмелерінің топтары және әр топтан бір жетекші актер қатыса алады;
  • әр топ тек қана 1 қойылым көрсетеді;
  • қойылым ұзақтығы мектепке дейін ұйымдар үшін 15-20 минуттан, ал бастауыш мектеп оқушылары үшін 20-25 минуттан аспауға тиіс;
  • ең үздік топтарды анықтау 2018 ж. 6- 8 сәуір күндері аралығында өткізіледі.

Фестивальге қатысатын қойылымға қойылатын талаптар:

  • қойылым жайында толық қамтылған бағдарламаның болуы (қойылым аты, қатысушылар (кейіпкерлер) тізімі, көркемдік жетекшісі);
  • қойылымның музыкалық сүйемелденуі (жанды дауыс, фонограмма);
  • қойылымның көркемдік ерекшеліктері (костюм, декорация, реквизит);
  • режиссерлік ой мен шешімнің маңыздылығы және толықтай қамтылуы (шығарманың маңызын ашып көрсету);
  • Қатысушылардың (актердің) қойылым барысындағы орындау шеберлігі (кейіпкерлер образдарының ашылуы, сөйлеу ерекшелітері);
  • орындаушының репертуар жасына сай келуі;

Фестиваль қорытындысы және өткізілу барысы төмендегі жас категориялары бойынша анықталады:

  • 5 -6 жас
  • 7-8 жас
  • 9-10 жас 

Қазылар алқасының құрамы  және фестивальдің өткізілу барысы: 

Қазылар алқасына

  • арнайы білім беру мамандары
  • театр актерлері кіреді
  • қазылар алқасының мүшелері мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектептерінің ғимараттарында кестеге сәйкес құрылған театрландырылған қойылымдарды талқылап, қорытындылайды;
  • үздік спектакльдер белгіленген номинацияларға ие болады және фестивальдің жабылу салтанатында «Алақай» қуыршақ театр сахнасында көрсетіледі;
  • қазылар алқасы номинацияларды өзгертуге құқылы; 

 Фестивальге қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша марапатталады:

  • «Ең үздік театр қойылымы»;
  • «Ең үздік актер»;
  • «Ең үздік актриса»;
  • «Ең үздік сценография»;
  • «Ең үздік көркемдік жетекші»;
  • «Ең үздік музыкалық сүйемелдеу»;
  • «Ең үздік афиша және бағдарлама».

Өтетін орны:

Ақтөбе қ., Бейбітшілік даңғылы 17, «Алақай» қуыршақ театры

Конкурсқа  жауапты: Бисенғалиева Гульнара Ойлдыахметовна

Байланыс телефондары: 95-21-12, 50-24-99, 53-14-24,87011576582

E-mail: alakai-aktobe@mail.ru

Келіңіздер! Біздің фестивальге қатысуға асығыңыздар! «Алақай» театры сіздерді күтеді!