«ЕркеТеатрAktobe» атты балалар театр фестивалі
Құрметті қуыршақ өнерін қадірлейтін қауым, сүйікті көрермендер! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6-8 сәуір аралығында облыстық «Алақай» қуыршақ театры мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарына «ЕркеТеатрAktobe» атты балалар театр фестивалін өткізетіндігін хабарлаймыз!!!
Фестивальдің өткізілу мақсаты мен міндеттері:
- жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
- балалардың шығармашылығын деңгейін көтеру, қолдау, дамыту;
- балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту;
- театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту;
Фестивальдің өткізілу талаптары:
- фестивальге мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған театр үйірмелерінің топтары және әр топтан бір жетекші актер қатыса алады;
- әр топ тек қана 1 қойылым көрсетеді;
- қойылым ұзақтығы мектепке дейін ұйымдар үшін 15-20 минуттан, ал бастауыш мектеп оқушылары үшін 20-25 минуттан аспауға тиіс;
- ең үздік топтарды анықтау 2018 ж. 6- 8 сәуір күндері аралығында өткізіледі.
Фестивальге қатысатын қойылымға қойылатын талаптар:
- қойылым жайында толық қамтылған бағдарламаның болуы (қойылым аты, қатысушылар (кейіпкерлер) тізімі, көркемдік жетекшісі);
- қойылымның музыкалық сүйемелденуі (жанды дауыс, фонограмма);
- қойылымның көркемдік ерекшеліктері (костюм, декорация, реквизит);
- режиссерлік ой мен шешімнің маңыздылығы және толықтай қамтылуы (шығарманың маңызын ашып көрсету);
- Қатысушылардың (актердің) қойылым барысындағы орындау шеберлігі (кейіпкерлер образдарының ашылуы, сөйлеу ерекшелітері);
- орындаушының репертуар жасына сай келуі;
Фестиваль қорытындысы және өткізілу барысы төмендегі жас категориялары бойынша анықталады:
- 5 -6 жас
- 7-8 жас
- 9-10 жас
Қазылар алқасының құрамы және фестивальдің өткізілу барысы:
Қазылар алқасына
- арнайы білім беру мамандары
- театр актерлері кіреді
- қазылар алқасының мүшелері мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектептерінің ғимараттарында кестеге сәйкес құрылған театрландырылған қойылымдарды талқылап, қорытындылайды;
- үздік спектакльдер белгіленген номинацияларға ие болады және фестивальдің жабылу салтанатында «Алақай» қуыршақ театр сахнасында көрсетіледі;
- қазылар алқасы номинацияларды өзгертуге құқылы;
Фестивальге қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша марапатталады:
- «Ең үздік театр қойылымы»;
- «Ең үздік актер»;
- «Ең үздік актриса»;
- «Ең үздік сценография»;
- «Ең үздік көркемдік жетекші»;
- «Ең үздік музыкалық сүйемелдеу»;
- «Ең үздік афиша және бағдарлама».
Өтетін орны:
Ақтөбе қ., Бейбітшілік даңғылы 17, «Алақай» қуыршақ театры
Конкурсқа жауапты: Бисенғалиева Гульнара Ойлдыахметовна
Байланыс телефондары: 95-21-12, 50-24-99, 53-14-24,87011576582
E-mail: alakai-aktobe@mail.ru
Келіңіздер! Біздің фестивальге қатысуға асығыңыздар! «Алақай» театры сіздерді күтеді!