VI ОБЛЫСТЫҚ «ЕРКЕТЕАТРAQTOBE» БАЛАЛАР ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

2024 жылдың 28-29 наурыз күндері Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен VI облыстық «ЕркеТеатрAqtobe» балалар театр фестивалі өтуі жоспарланып, өңірдегі су тасқынана байланысты 11-12 сәуір күндеріне шегіндірілді.

Сонымен, Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай 2024 жылдың 11-12 сәуір күндері Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, “Алақай” қуыршақ театры ұйымдастыруымен VI облыстық «ЕркеТеатрAqtobe» балалар театр фестивалі өтті.

Дәстүрге айналған жыл сайын өтетін фестивальге 6-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Қазылар алқасы қатысушыларды балалар және жасөспірімдер жас категориялары бойынша бөліп, үздіктерді анықтап, қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Фестивальге Ақтөбе қаласы және Мұғалжар, Шалқар, Қобда аудандарынан 300-ге жуық мектеп оқушылары (26 ұжым) қатысты.

VІ облыстық “ЕркеТеатрAqtobe” атты балалар театр фестивалінің мақсаты:

Жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, балалардың шығармашылық деңгейін көтеру, балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту, театр мен білім беру мекемелері арасында шығармашылық байланыс орнату және нығайту.

Аталған фестивальдің қазылар алқасы:

1. Дәметкен Құсайынова Орынбасарқызы – Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі;

2. Елтай Кемал Тамабайұлы – «Еңбек даңқы» және «Дара» төсбелгісінің иегері;

3.Бақытжанов Мағзұм Сәпиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі

4.Мұратов Нұрат Мұратұлы – Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі;

5.Баймағанбетова Гульнара Мұхамеджанқызы – Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

  1. Мұрат Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған интернат – лицей – «Қонақ келсе, құт келер» қойылымы.
  2. №55 орта мектеп гимназиясы – «Аққулар ұйықтағанда» қойылымы.
  3. Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп лицейі – «Лошадиная фамилия» қойылымы
  4. Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп лицейі – «Алдайтын тақия» қойылымы
  5. Үлгілі «ЖасАрт» балалар театры (қалалық оқушылар сарайы) – «Жақсылыққа жақсылық»
  6. Ахмет Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп лицейі – «Қызыл телпек» қойылымы
  7. Сазды орта мектебі – «Соғыстың соңғы көктемі» қойылымы.
  8. №45 Жалпы білім беретін орта мектебі – «Алжир» қойылымы
  9. «Маска» үйірмесі (Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы – «Алдар көсе мен бай» қойылымы
  10. №50 Жалпы білім беретін орта мектебі – «Өлмейтіндер» қойылымы
  11. №17 мектеп гимназиясы – «Золотой ключик» қойылымы
  12. Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған мектеп гимназиясы  – «Менің атым Қожа» қойылымы.
  13. №33 Жалпы білім беретін орта мектебі  – «Наурыз думан» қойылымы
  14. №77 Жалпы білім беретін орта мектебі  – «Жетімдер» қойылымы
  15. Талдысай орта мектебі (Қобда ауданы) – «Батыр қоян» (онлайн)
  16. Исатай Тайманов атындағы мектеп гимназиясы (Қобда ауданы)   «Тапқыр кірпі» қойылымы (онлайн)
  17. Қобда қазақ орта мектебі (Қобда ауданы) – «Дос іздеп жүрмін» қойылымы (онлайн)
  18. №10 Жалпы білім беретін орта мектебі  – «Өмірдің өзі мысал» қойылымы
  19. №11 Жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы  – «Приключение буратино» қойылымы
  20. Балалар шығармашылық үйі – «Соғыстан қайтқан солдаттар» қойылымы
  21. №1 Қандағаш қалалық Жалпы білім беретін орта мектебі (Мұғалжар ауданы)  – «Найман ана» қойылымы
  22. Шалқар аудандық оқушылар сарайы – «Аққулар ұйықтағанда» қойылымы
  23. №69 Жалпы білім беретін орта мектебі  – «Жыл басы» қойылымы
  24. №78 Жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы  – «Соңғы сөз» қойылымы
  25. №41 Жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы  – «Шыңырау» қойылымы
  26. «Флай-АРТ» студиясы «Мэрри Попинс, до свидания»

ФЕСТИВАЛЬ ҚОРТЫНДЫСЫ:

Бас жүлде – №41 ЖОББМГ – «Шыңырау» қойылымы

 «Балаларға арналған қойылым» номинациясы бойынша:

1-орын – №11 ЖЖБОМГ – «Приключение Буратино» қойылымы

2-орын– №69 ЖББОМ– «Жыл басы» қойылымы

3-орын – Әл Фараби ат. №21 мамандандырылған гимназиясы – «Менің атым Қожа» спектаклі

«Жасөспірімдерге арналған қойылым» номинация бойынша:

1-орын – Ә.Ермеков ат. №23 ОМЛ – «Лошадиная фамилия» қойылымы

2-орын – №45 ЖББОМ – «Алжир» қойылымы

3-орын  – Қ.Сатпаев атындағы ОМЛ – «Алдайтын тақия»

Номинациялар:

«Үздік актерлік ансабль» номинациясы – Үлгілі «ЖасАрт» балалар театры (Қалалық оқушылар сарайы) Жақсылыққа жақсылық

«Табиғи талант» номинациясы –  №50 орта мектебі – Тыныс Айкөркем

«Үздік ер адам» – №1 Қандағаш қалалық ЖББОМ – Бөкенов Азамат

«Үздік әйел рөлі» – «ФлайАрт» театр студиясы – Ниязбек Касымбек

«Көрермен көзайымы» – Шалкар аудандық оқушылар сарайы – Нұрмағанбетова Аружан

Фестиваль барысында “Шыңырау” және “Лощадинная фамилия” қойылымдарын сомдаған ұжымдарға Қазақстан Республикасының «Silk Way Creative Games» XV ұлттық жастар дельфий ойындарының республикалық кезеңіне жолдама берілді.