Облыстық «Алақай» қуыршақ театры МКҚК комплаенс қызметі  тарапынан тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сонымен бірге қазіргі таңда орын алып отырған алаяқтық қылмыстардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін театр қызметкерлеріне құқық қорғау органдары тарапынан жасалып отырған алдын алу  шаралары туралы ақпарат жеткізілді. Көрнекі құралдар арқылы алаяқтықтың түрлері бойынша ақпараттар таратылды.  Күнделікті қызмет барысында, сонымен бірге интернет кеңістігіндегі алаяқтардың құрсауына түсіп қалмау, жалған ақпараттарға сенбеу т.б осы реттегі сұрақтар бойынша түсінік берілді. Қызметкерлер әңгіме барысында осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салып бөлісті.