VІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ»  ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ

Ресей, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 14 қуыршақ театры қатысқан VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өтті. Фестивальге театрымыз Н.Думбадзенің шығармасының желісімен сахналанған А.Зайцевтың «Собака» спектаклімен қатысты.

  Фестивальдің әділқазыларының шешімімен спектакль суретшісі әрі театр директоры Құрманалина Әсия «Үздік сценографиялық концепция» номинациясына ие болды.