ҚАСҚЫР ШӨП ЖЕЙ МЕ?

Авторы: Данияр Саламат

Режиссері: Гаухар Оралбай

Суретшісі: Дана Ержанова

Композиторы: Али Ермекбаев

Орманда қарны аштан бұрылған Қасқыр зу жүгірген Қоянды ұстап алмақ боп қуады да жүреді. Қасқырдан қаша-қаша зығырданы қайнаған Қоян Қасқырға етті қойып, шөпке көш деп ақыл айтады.

Ақыры Қоянға жете алмаған Қасқырға алдынан адасып қалған Қошақан мен Лақ кездеседі. Қасқыр бұларға тиіспейді. Қарны ашқан Қасқыр бұларға тиіспеуіне не себеп болды? Қасқыр шөпке көше ала ма? Осы сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, қойылымды тамашалауға келіңіздер.

Жас ерекшелігі: 5+

Қойылым ұзақтығы: 40 минут

Тұсаукесері: 12 қыркүйек, 2023 жыл.