12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай “Алақай” қуыршақ театрының белсенді жас қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табысталды.

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай “Алақай” қуыршақ театрының белсенді жас қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табысталды.

Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.
Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.