ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КУКЛЯНДИЯ» ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ

Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 2020 жылғы бүкіләлемдік пандемия әсерінен жоспарланған фестивальдер кейінге қалдырылды. Десе де «Алақай» қуыршақ театры 2020 жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының ұйымдастыруымен онлайн форматта өткізілген ІІ Халықаралық «Кукляндия» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысты. Осы жылғы фестивальге Қазақстан, Ресей, Украина және Бразилия елдерінің қойылымдары онлайн форматтағы әділқазылар алқасына және инстаграм әлеуметтік желісі арқылы көрермендер назарына ұсынылды.

«Алақай» қуыршақ театры Р.Рахимовтың «Қайдасың, анашым?» қойылымымен қатысып, «Бүлдіршіндерге арналған Үздік қуыршақ ансамблі» номинациясына ие болды.