«Ассалаумағалейкум –V» қуыршақтар театрының халықаралық фестивалі

Құрметті оқырман!

22-27 қыркүйек аралығында Облыстық «Алақай» қуыршақ театрына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Бақытты бала» жобасы аясында Халықаралық «Ассалаумағалейкум –V» қуыршақ театрлар фестивалі өткізілмек.

Қоғамдағы бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне көңіл аудару, қазіргі заманның эстетикалық талабына сай шығармалардың жаңа формаларын таба білу. Қуыршақ театр өнері мен еліміздің ұлттық мәдениетін өркендету фестиваліміздің басты мақсаты болып табылады.