Дала аңызы – уа, Алдар!»

Қазақ ертегісінің желісі бойынша

                                                                                   Режиссері:Б.Парманов

Суретшісі: Ә.Құрманалина

Музыкамен көркемдеген: А.Ермекбаев

Қазақтың кең даласы… Домбыра мен шаң қобыздың дыбысы ғасырлар қойнауынан  өмір керуенін жетелеп келе жатқандай…Тылсым тыныштықты бұзып, кішкентай есекке мінген  адам асығып келеді. Е, бұл Алдар ғой! Баланың көңіліндей ақ жүрегімен, тапқырлығымен, пәлсапасымен, қиындыққа душар болғандарға  үміт беретін көңілді тапқыр.

Жас ерекшелігі: 10+

Ұзақтығы: 45 минут

Тұсаукесері: тамыз, 2006 ж.