Ат тұяғын тай басар

Авторы : М.Азов, В.Тихвинский

Режиссері: Е.Пермяков

Суретшісі: Ә.Құрманалина

Аударған: М.Құрманалин, Е.Ашықбаев

Спектакль тақырыбы қазақтың тұрмыс-тіршілігіне жақын. Бас кейіпкері жеке тұлға болып қалыптасу жолында кездескен қиыншылықтар мен тосқауылдарға төтеп бере отырып жетіледі. Яғни, үйірінен саяқ кеткен құлыншақ сыртқы жаудан қорғана алатын бесті айғыр болып оралады.

Спектакль психологиялық параллелизмге негізделген. Сәби мен құлыншақтың дүниеге келуі, қоршаған ортаға таңғала жүріп, бейімделуі қатар суреттеледі.

Жас ерекшелігі: 10+

Қойылым ұзақтығы: 45 минут.

Тұсаукесері: тамыз, 2005 ж.