Ұсқынсыз үйрек

Авторы: Х.К.Андерсен ертегісі  бойынша

жазылған В.Синакевичтің пьесасы

Режиссері: С.Железкин

Суретшісі: Ә.Құрманалина

Ананың бауыр еті баласына, баланың анасына деген шексіз махаббаты бір желі болып тартылса, үйреншікті қалыпқа сыймайтын, көңілінде қанаты бар, арманы асқақ жандардың қиялын тұсай алмайсың, ешкімнің еркіндігіне қол сұғуға қақың жоқ дегенге саятын ар жағында философиялық ойлар жатқан ертегі қойылымы ұсқынсыз үйрек пен айналасындағылардың диалогіне құрылған. Өмірден ұсқынсыздығы үшін қағажу көрген сүйкімсіз балапанның тағдыры кішкентай көрермендер жүрегін дір еткізетіні анық.

Жас ерекшелігі: 3+

Спектакльдің ұзақтығы: 45 минут.

Тұсаукесері: тамыз, 2007 ж.