Ербол Ермағамбетов

Ербол Ермағамбетов  — Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтының түлегі.  1999  жылы  «Драма және кино актері» мамандығын алып шықты. Ол еңбек жолын Т.Ахтанов атындағы  драма театрынан бастады.  Бірақ өнердегі орнын  «Алақай» қуыршақ театрынан  тапты.

Сырт қарағанда  мінезі тұйық адам сияқты.  Ал сахнаға шыққанда ол мүлдем өзгеріп сала береді. Әсіресе, бірінші планда қуыршақ емес, актердің өзі көрінетін уақытта оның бойындағы драма театры актеріне тән қасиеттердің бәрі ашылады.  Ол — ойлы актер, спектакльдердегі рөлдерінің ішкі толғанысын дәл жеткізеді.  «Ат тұяғын тай басарда»  Қасқырды, Алдарды, Дулитлдің хикаяларында» Дулитлді, «Тізгініңді босат та, құстай самға» спектаклінде әңгімеші қартты айнытпай келтіреді.  Қасқыр рөлін  ерекше шабытпен,  терең  тебіреніспен ойнап, фестивальдердің көбінде  сарапшылар тарапынан жақсы бағаға ие болды. Қуыршақтың қимыл-қозғалысы мен мен сөзінің үйлесуіне үлкен мән береді. Кәсіби актер Ерболдың тағы бір қыры — ол шаралардың сценарийлерін де жазады,  жанынан суырып салатын өнері де бар.

Ербол Ермағамбетов ҚР Тұңғыш Президенті қорының сыйлығының, Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» фестивалінің лауреаты. «Алақай» қуыршақ театрында 17-жылдам астам еңбек етіп келеді. 

Марапаттары:

2009 ж. -ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты.

2011ж.- Қазақстан театр қайраткерлері Одағының “Еңлікгүл” атты кәсіби сыйлығының лауреаты, “Жыл актері”.

2016 ж.- Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының иегері.

Репертуардағы рөлдері:

  1. Е.Чеповецкий «Алдарыңызда, Колунада!»- Сайқымазақ, Қолтырауын, Қоян. Режиссері- Г.Гипиков, 2004г.
  2. М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар»- Қасқыр. Режиссері- Е.Пермяков, 2005ж.
  3. «Ұр,тоқпақ!»-Татубай. Режиссері- Г.Гипиков, 2003ж.
  4. А.Веселов «Күн іздеген аққалалар»- Ертекші, Аққала. Режиссері- Г.Гипиков, 2004ж.
  5. А.Болдинов «Қияндарға кетпеші»-Қарақшы. Режиссері- Р.Рахимов, 2006ж.
  6. «Дала аңызы- Уа, Алдар!»- Алдар Көсе. Режиссері- Б.Парманов, 2006ж.
  7. Р.Готкина «Дулитл хикаялары»- Дәрігер Дулитл, Бармалей. Режиссері-Ю.Фридман,2007ж.
  8. Х.К.Андерсен «Ұсқынсыз үйрек»- Карл. Режиссері-С.Железкин, 2007ж.
  9. «Жадыра,жайна достар!»-Жүргізуші. Режиссері-Г.Гипиков,2009ж.
  10. В.Гауф «Мукраның жазасы»- Ертекші, қазынашы. Режиссері-В.Смирнов, 2010ж.
  11. «Тізгініңді босат та, құстай самға…»- Ертекші. Режиссері- С.Балыков, 2011ж.
  12. «Қайдасың анашым?»- Ертекші, Әтеш, Бақа. Күшік. Режиссері- Р.Рахимов,2012ж.
  13. Й.Пегер «Кутясик пен Кутилканың бір күні»-Кутясик. Режиссері-С.Балыков,2012ж.
  14. Н.Осипова «Бір жарым уыс»-Қойшы, Қасқыр, Қораз. Режиссері-Г.Гипиков, 2013ж.
  15. «Мультертегі»- Зебра, Пингвин. Режиссері- Ж.Қалқабеков, 2014ж.
  16. Г.Қалдина «Сезім жібі»-Қодар. Режиссері-Б.Парманов,2014ж.
  17. Д.Исабеков «Құстар фестивалі»-Жапалақ. Режиссері-М.Хабиболла,2016ж.