Семинар өткізілді

Облыстық «Алақай» қуыршақ театрының компаленс қызметімен жас мамандар және іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары мен оның алдын алуды түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Іс-шара барысында жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның құқықтық салдары және алдын алу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді. Бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.