Облыстық «Алақай» қуыршақ театрында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар ұйымдастырылды.
Облыстық «Алақай» қуыршақ театрында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинарлар өткізіліп тұрады. Бүгін семинар тақырыбы «Жемқорлықсыз қоғамға жол» тақырыбында болды. Семинардың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу. Театр ұжымы шағын болғандықтан бүгінгі күнге дейін бұл бағытта құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Осыған қарамастан қызметкерлердің назарына лекциялар, интернет жүйесінен алынған бейне роликтер ұсынылады. Театр басшылығы күн сайынғы ертеңгі қызметтік жиындарда да бұл тақырыпты назардан тыс қалдырмайды. Семинар барысында өзара пікір алмасу болды.
Жемқорлық қоғам дерті дейміз, бұл дертпен күрес жүргізбейтін бірде-бір мемлекет жоқ. Бірақ жемқорлықпен күрескеннен, оған жол бермеу жолдарын алдын ала қарастыру керек. Кез келген аурудың алдын алғанда ғана оң нәтиже болатынын бәріміз де білеміз, түсінеміз.
Айналамыздағы салауатты, таза және сау ортаны бүлдіріп заңсыз іс-әрекеттерге барып, қоғамдық ортаның және мемлекеттік ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қауіп төндіретін жайттарға жол бермеу өз қолымызда. Бұл дерттің алдын алып қоғамға таралу жолдарын тоқтатып, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке тосқауыл болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Егер ұжым қызметі бойынша қандай да бір шағым, арыз болса, оған үлкен жауапкершілікпен қарап, анық-қанығына жету керек. Себебі «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген халық даналығы бар, бірақ негізсіз, дәлелсіз ешқандай ақпарат тарамау керек.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететіні сөзсіз. Осы мақсатта, жиындар жиі өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілу дағдысы қалыптасқан. Бұл жиындардың мақсаты ұжымға оның жұмысына заңға қайшы теріс әрекеттердің кері әсерін тигізбеуіне ықпал ету.
Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп түсіну керек. Сондықтан біз әр кезде жемқорлықсыз қоғамға қарай қадам басуға ұмтылуымыз керек.
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ