«Адамдар неге пара алады?» тақырыбында жиналыс өтті
Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы келеңсіз дерт. Сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуына, мемлекеттік органдарға деген сенімділіктің төмендететін, экономиканы әлсірететін жайт. Қандай мемлекетте тұратынымыз сіз бен бізге байланысты. Жемқорлықтың өріс алып жайылмауы бүгінгі күні жастарға, өсіп келе жатқан жеткіншектерге тікелей байланысты.
Облыстық «Алақай» қуыршақ театрында «Адамдар неге пара алады?» тақырыбына жиналыс өткізілді. Театр директоры А.Курманалина қызметкерлерге пара алудың соңы немен аяқталатыны, қоғамдағы осы бір келеңсіз көрініс туралы түсінік берді. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлық бойынша пара алмауды насихаттайтын жарнамалармен танысты. Сонымен бірге күн сайын театр көрермендері мен келушілер және қызметкерлер үшін қазақ және орыс тілдерінде аудио жазба қосылады.