VІІ ОБЛЫСТЫҚ «ЕРКЕТЕАТРAQTOBE» БАЛАЛАР ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ
2025 жылдың 27-28 наурыз күндері Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен VII «ЕркеТеатрAqtobe» балалар театр фестивалі өтті. Бұл шара Халықаралық театр күніне және «Алақай» қуыршақ театрының 40 жылдығына орайластырылып, Ақтөбе облысындағы жас дарындарды қолдау, шығармашылық әлеуетін дамыту және театр өнеріне баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Қазылар алқасы қатысушыларды 3-6 және 6-15 жас категориялары арасында “Ең үздік актер”, “Ең үздік актриса”, “Ең үздік сценография”, “Ең үздік көркемдік жетекші” және т.б. номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Фестивальге Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан 32 ұжымнан, 300-ге жуық жас өнерпаздар қатысып, өз шеберліктерін сахнада көрсетеді. Қазылар алқасы қатысушылардың сахналық мәдениеті, әртістік қабілеті және қойылымның көркемдік деңгейіне баға берді.

Аталған фестивальдің қазылар алқасы:
1. Қалкабеков Жеңісбек Абитбекұлы – Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының режиссері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері;
2. Баймағамбетова Гүлнар Мұхамеджанқызы – облыстық «Алақай» қуыршақ театрының актрисасы, Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері;
3. Оралбай Гауһар Оралбайқызы — облыстық «Алақай» қуыршақ театрының актрисасы, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;
4. Султанкулова Жанна Бақытқызы — Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, тележүргізуші, «Жанна Бақыт» өнер мектебінің негізін қалаушы;
5. Оралбаева Айгерім Есенкелдіқызы — Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдіскері.

ФЕСТИВАЛЬ ҚОРТЫНДЫСЫ:
Балабақшалар арасында:
«Үздік спектакль» номинациясы – «Ертөстік» МДҰ — «Счастливый жучок» қойылымы
«Үздік актерлік ансамбль» номинациясы — №13 «Бөбек» МДҰ – «Қазақ мақтанышы» қойылымы
«Үздік актерлік ансамбль» номинациясы «Инаят Ай» МДҰ – «Шалқан»
«Үздік музыкалық сүйемелдеу» номинациясы — №6 «Орман ертегі» — «Күнді оятқан достар»
«Үздік қазақы спектакль» номинациясы — №49 «Думан» МДҰ – «Аяз би»
«Үздік сахналық шешім» номинациясы — №29 «Арай» МДҰ – «Үйшік»
«Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы — №12 «Інжугүл» — «Аю мен Маса»
«Үздік сахналық шешім» номинациясы – «Өркен» МДҰ – «Жақсылық пен жамандық»
«Үміт» номинациясы – «MDU Baqytty bala» — «Кішкентай ақылды балапан»
«Үздік сценография» номинациясы – «Бопай» МДҰ – «Оқтауы бар түлкі»
«Үздік костьюм» номинациясы — №40 «Балдәурен» МДҰ – «Тапқыр қоян»
«Үміт» номинациясы – №37 «Балапан» — «Мақта қыз бен мысық»
«Үміт» номинациясы — №31 «Күншуақ» МДҰ – «Аң патшасы – арыстанның шипасы»
«Үздік сценография» номинациясы – «Тамина» МДҰ — «Анасын іздеген балапан
«Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы – «Патша бала» МДҰ – «Қошқар мен Теке»
«Креативті спектакль» номинациясы — «Нұрзерек» МДҰ –«Раз, два – дружно»
«Экологиялық қойылым» номинациясы — №25 «Ерке» МДҰ – «Табиғат ананың мұңы»
«Ұлттық нақышты дәріптегені үшін» номинациясы — «Димаш» МДҰ – «Қазақтың мақтаныштары»
«Көрермен көзайымы» номинациясы — «А-RAI» МДҰ — «Аң патшасы – арыстанның шипасы»
«Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы — «Ұмай» МДҰ – «Шалқан»
«Үздік сценография» номинациясы — «Инаят» МДҰ- «Аң патшасы – арыстанның шипасы»
«Үздік қуыршақ спектаклі» номинациясы — «Құлагер» МДҰ – «Бауырсақ»
«Көрермен көзайымы» номинациясы — «ДО Айналайын» МДҰ – «Мақта қыз бен мысық»
«Үміт» номинациясы — №33 «Нұрсәт» МДҰ – «Мақта қыз бен мысық»
Мектептер арасында:
«Үздік қойылым» номинациясы — А.Байтұрсынұлы ат. ЛМГ – «Мен және театр» «Үздік актерлік ансамбль» номинациясы — Ә.Ермеков ат. №23 ОМЛ — «Как царь Салтан ІТ проекты создавал»
«Үміт» номинациясы — №55 мектеп-гимназиясы – «Бақыт деген…»
№39 қазақ орта ЖББМЛ – «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
«Заманауи қойылым» номинациясы №17 гимназия – «Гостиница моего сердца»
«Креативті спектакль» номинациясы — №10 ЖББОМ – «Қарындаштар айтысы»
«Көрермен көзайымы» номинациясы — Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы — «Королева шахматных фигур»
«Ұлттық драматургияның озық үлгісі» номинациясы — Талдысай ОМ (Қобда ауданы) – “Бір шөкім бұлт”
«Креативті спектакль» номинациясы — №22 ОМ – «Красная шапочка на новый лад»
Арнайы жүлделер:
«Үздік эпизодтық рөл» номинациясы — Таалайбекова Сумая (№22 ОМ)
«Үздік ер адам рөлі» номинациясы – Лахтин Лев (Ә.Ермеков ат. №23 ОМЛ)
«Үздік актриса» номинациясы – Аетова Адилия (Ер Төстік МДҰ)

