Бүгін Ақтөбе гуманитарлық колледжінің бастауыш сынып және ағылшын тілінің болашақ мамандарына облыстық «Алақай» қуыршақ театрында Н.Гогольдың шығармасы бойынша  «Шапан» қойылымы көрсетілді.

Қуыршақ театры жұмысының негізгі бағыты — балалардың өнерге құштарлығын, эстетикалық талғамдарын қалыптастырудан басқа,  қойылымдар арқылы балалардың  өзін-өзі көрсетуіне, өзара әлеуметтік  әрекет дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Бүгінгі күннің өзекті проблемасына айналған сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіріп, олардың пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастырып, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту мақсатында қойылымдар жоспарлы түрде көрсетіліп отырады.

Осы мақсатта  Н.Гогольдың «Шапан», Д.Исабековтың «Құстар фестивалі», С.Маршактың «Мысықтың үйшігі» қойылымдары колледж студенттері мен  жоғары сынып оқушыларына көрсетіледі. Жемқорлық деген қоғамға жат қылық екенін жасөспірімнің санасына сіңіру мақсатында театрға келген көрермендерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кеселі туралы аудио роликтер  тыңдатылады.  

Бүгін Ақтөбе гуманитарлық колледжінің бастауыш сынып және ағылшын тілінің болашақ мамандарына облыстық «Алақай» қуыршақ театрында Н.Гогольдың шығармасы бойынша  «Шапан» қойылымы көрсетілді.