ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ТЕАТР ТІЛІНДЕ
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамның барлық бастауларына, мемлекеттің барлық конституциялық негіздеріне қауіп төндіретіндігін, сонымен қатар мемлекеттік жүйенің қалыпты қызметін бұзатындығын, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал ететіндігі және оған қарсы күресті жалпыұлттық деңгейде жүргізу қажет екендігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында да атап көрсетілген.
Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан Республикасында «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдірудің қосымша шаралары туралы» Жарлық қабылдады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің, соның ішінде мемлекеттік қызмет қатарын «тазартудың» соны шаралары белгіленді.
Мемлекетімізде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жүргізудің кең ауқымды бағдарламасы жүргізілген. Бұл жұмысқа мемлекеттік институттар, жұртшылық, партия атсалысуда.
Қазіргі кезде Президентіміздің бақылауымен Қазақстан Республикасының аумағында да сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде деп айтуға болады.
«Алақай» облыстық қуыршақ театрында қазіргі күні өзекті тақырып сыбайлас жемқорлық бойынша Д.Исабековтің «Құстар фестивалі» және Н.Гогольдің «Шапан» спектаклі бар. Спектакль жас өскелең ұрпақ бойына жемқорлық сияқты зиянды дүниелерден аулақ болуға тәрбиелеп, тәлім береді.
Аталған спектакльдер жыл бойы өз көрермендеріне жол тартып отырады. Мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері бұл спектакльдерді жылы қабылдайды. Сондай-ақ әр келген көрермен ой түйіп кетеді деп ойлаймыз.