КИТТІ ЖОЛЫҚТЫРҒАН КҮН

Автор: Бенджи Дэвис

Режиссері: Роман Бокланов

Суретшісі: Дана Ержанова

Әлемге танымал жазушы әрі иллюстратор Бенджи Дэвистің “Когда я встретил кита” шығармасының желісімен сахналанатын қойылым — “Китті жолықтырған күн” — кішкентай көрермендер мен олардың ата-аналарын терең сезім мен нәзік әсерге бөлейтін ерекше оқиғаға жетелейді.

Қойылымның режиссері — Роман Бокланов, балалар театрына арналған заманауи интерпретация мен бейнелі шешімдер арқылы көрерменге ерекше эстетикалық әсер сыйлаумен танымал маман. Ол бұл туындыны табиғатпен үндестік, жалғыздық пен достықтың шынайы мәнін сезінуге мүмкіндік беретін поэтикалық спектакльге айналдыруда.

Қуыршақтар мен декорациялардың визуалды бейнесі, музыка мен жарық үйлесімі – бәрі де кішкентай көрерменнің жүрегіне жол табу үшін мұқият ойластырылған.

“Китті жолықтырған күн” – бұл бала мен табиғат арасындағы үнсіз, бірақ терең диалог. Қойылымда теңіз, жалғыздық пен үміт, мейірімділік пен жақын жанның маңызын ұғыну сынды тақырыптар ерекше нәзіктікпен бейнеленеді.

Тұсаукесер күні: 02.05.2025

Ұзақтығы: 40 минут