ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ
Автор: Мария Кузнецова
Режиссері: Мария Кузнецова
Суретшісі: Вероника Горбунова мен Виктория Горбунова
Коомпозиторы: Вероника Затула
«Жыл мезгілдері» — 3 жастан асқан балалар мен ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерге арналған иммерсивті қойылым. Көктем, жаз, күз, қыс — әр мезгіл балалармен бірге өмір сүреді: олар гүл егіп, жапырақ теріп, қармен ойнайды.
Сахна мен көрермен арасында шекара жоқ — бала ойын арқылы табиғатты сезінеді. Сөз аз, әсер мол: музыка, иіс, жарық, қимыл — бәрі де бала жанын баурау үшін. Бұл — ерекше балаларды театр әлеміне жұмсақ жетелейтін қойылым.
Тұсаукесері: 31 мамыр, 2025
Уақыты: 40 минут



