ОБЛЫСТЫҚ ІІІ «ЕРКЕТЕАТРAKTOBE» БАЛАЛАР ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ

Құрметті қуыршақ өнерін қадірлейтін қауым, сүйікті көрермендер!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және “Еріктілер жылына”  орай 2020 жылдың 25-26 наурыз аралығында  облыстық  «Алақай» қуыршақ театры мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарына «ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалін өткізетіндігін хабарлаймыз.

Фестивальдің өткізілу мақсаты мен міндеттері:

  • жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
  • балалардың шығармашылығын деңгейін көтеру, қолдау, дамыту;
  • балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту;
  • театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту;

Фестивальдің өткізілу талаптары:

  • фестивальге мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған театр үйірмелерінің топтары және әр топтан бір жетекші актер қатыса алады;
  • әр топ тек қана 1 қойылым көрсетеді;
  • қойылым ұзақтығы мектепке дейін ұйымдар үшін 8-15 минуттан, ал бастауыш мектеп оқушылары үшін 10-20 минуттан аспауға тиіс.

Фестивальге қатысатын қойылымға қойылатын талаптар:

  • қойылым жайында толық қамтылған бағдарламаның болуы (қойылым аты, қатысушылар (кейіпкерлер) тізімі, көркемдік жетекшісі);
  • қойылымның музыкалық сүйемелденуі (жанды дауыс, фонограмма);
  • қойылымның көркемдік ерекшеліктері (костюм, декорация, реквизит);
  • режиссерлік ой мен шешімнің маңыздылығы және толықтай қамтылуы (шығарманың маңызын ашып көрсету);
  • Қатысушылардың (актердің) қойылым барысындағы орындау шеберлігі (кейіпкерлер образдарының ашылуы, сөйлеу ерекшелітері);
  • орындаушының репертуар жасына сай келуі;

Фестиваль қорытындысы және өткізілу барысы төмендегі жас категориялары бойынша анықталады:

  • 5 -6 жас
  • 7-8 жас
  • 9-10 жас

Фестивальге қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша марапатталады:

  • «Ең үздік театр қойылымы»;
  • «Ең үздік актер»;
  • «Ең үздік актриса»;
  • «Ең үздік сценография»;
  • «Ең үздік көркемдік жетекші»;
  • «Ең үздік музыкалық сүйемелдеу»;
  • «Ең үздік афиша және бағдарлама».

III Облыстық «ЕркетеатрAktobe» фестиваліне қатысуға өтінім

  1. Өтінімдер 2020ж. 1-наурызға дейін қабылданады.
  2. Ұйымдастырушылық жарнасы әрбір қатысушыға – 2000 тенге;
  3. Білім беру мекемесінің толық атауы –
  4. Мекен-жайы, электрондық поштасы –
  5. Мекеме басшысының байланыс телефоны-
  6. Қойылым атауы –
  7. Сценарий авторы –
  8. Қатысушылар саны (аты-жөні) –
  9. Қатысушылардың жас категориясы –
  10. Көркемдік жетекшінің аты-жөні-
  11. Көркемдік жетекшінің байланыс телефоны –

Өтетін орны: Ақтөбе қ., Бейбітшілік даңғылы 17, «Алақай» қуыршақ театры

Конкурсқа  жауапты: Бисенғалиева Гульнара Ойлдыахметовна

Байланыс телефондары: 95-21-12, 50-24-99, 53-14-24,87011576582

E-mail: alakai-aktobe@mail.ru

 

Келіңіздер! Көріңіздер! Біздің фестивальге қатысуға асығыңыздар! «Алақай» театры сіздерді күтеді!