Балапанов Даулет

Дәулет— ел ішінен шыққан тума талант. «Алақайға» да ойламаған жерден келді. Соған қарамастан театр ұжымының арасына тез сіңісіп кетті.  Әрдайым көңілді жүретін жайдары жігітті ешкім жатырқаған жоқ. Оның үстіне қолына алған жұмысын тастай етіп орындайтын Дәулет қуыршақ театрындағы өзінің актерлік қызметіне де  бар жан-тәнімен  беріле кірісетін. Ол өте қабілетті актер, өзі ойнаған «Сезім  жібіндегі» Қозысы, «Мукраның жазасындағы»  Мукра,  «Жарқын қаладағы» Шаян, «Тізгініңді босат та, құстай самға!» қойылымындағы  Ақ шаман сияқты бас рөлдерді келістіріп сомдады.  Дәулеттің көпшілік сахналардағы  рөлдерінің өзі назар аудартады. «Ат тұяғын тай басарда»  Құлыншақты ойнады. Балғын көрермендер оларды қайта-қайта көруден жалықпайды.

Қазақстан театр қайраткерлері одағының Құрмет грамотасымен мараптталған. Облыстық «Жас дәурен» жастар фестивалінің лауреаты.

Ол — болашағынан үлкен үміт күттіретін актер. Театр сахнасында 10-жылдам астам уақыт бойы еңбек етіп келеді. 

Марапаттары:

  1. 2014ж. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Құрмет грамотасы.
  2. 2015 ж.- «Ассалаумағалейкум» Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінен «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.

Репертуардағы рөлдері:

  1. Ш.Құсайынов «Алдар Көсе»- Алдар Көсе. Режиссері- Д.Жалкенов, 2001ж.
  2. В.Павловскис «Бақашық пен Теңіз»- Атбалық, Шаян. Режиссері-Г.Гипиков, 2002ж.
  3. «Қуыршақтардың ғажайып әлемі»- Жүргізуші. Режиссері-Г.Гипиков, 2003ж.
  4. .М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар»- Құлыншақ. Режиссері- Е.Пермяков, 2005ж.
  5. А.Болдинов «Қияндарға кетпеші»-Марғау. Режиссері- Р.Рахимов, 2006ж.
  6. «Дала аңызы- Уа, Алдар!»-Алдар Көсе. Режиссері- Б.Парманов, 2006ж.
  7. Х.К.Андерсен «Ұсқынсыз үйрек»- Балапан, Қораз, Қаз. Режиссері-С.Железкин, 2007ж.
  8. А.Хайт, В.Курляндский «Пай-пай,Қасқыр-ай!»-Қасқыр. Режиссері-Г.Гипиков,2007ж.
  9. М.Супонин «Қиқар Қоян»- Қонжық, Ойынпаз ағай. Режиссері-С.Железкин,2008ж.
  10. «Қызыл, Сары, Жасыл көк және аздап көгілдір»- ???. Режиссері-Э.Иванова, 2009ж.
  11. «Жадыра,жайна достар!»-Әртүрлі рөлдер. Режиссері-Г.Гипиков,2009ж.
  12. В.Гауф «Мукраның жазасы»- Мукра. Режиссері-В.Смирнов, 2010ж.
  13. М.Бартенев«Беске дейін санаймын»-Қоян.Режиссері-В.Смирнов,2010ж.
  14. «Тізгініңді босат та, құстай самға…»- Бала, Шаман. Режиссері- С.Балыков, 2011ж.
  15. Й.Пегер «Кутясик пен Кутилканың бір күні»-Кутясик. Режиссері-С.Балыков,2012ж.
  16. Н.Осипова «Бір жарым уыс»- Қойшы, Қасқыр, Қораз. Режиссері-Г.Гипиков, 2013ж.
  17. «Мультертегі»- Алекс, Қасқыр, Жалқау. Режиссері- Ж.Қалқабеков, 2014ж.
  18. Г.Қалдина «Сезім жібі»-Қозы. Режиссері-Б.Парманов,2014ж.
  19. Д.Исабеков «Құстар фестивалі»-Әтеш. Режиссері-М.Хабиболла,2016ж.
  20. М.Төребек «Алтын Адам»- Алтын Адам. Режиссері-М.Хабиболла,2016ж.
  21. Н.Гогольдің «Шинель» повесінің желісі бойынша сахналанған «Шапан» спектаклінде – Акакий Акакиевич. Режиссері-М.Хабиболла,2017ж.