Чувашия Республикасы, Чебоксары қаласы

Ресей Федерациясы мәдениет министрілігі мен Чувашия Республикасы Чебоксары қаласының 550 жылдығы және Чувашия автономиясының 100 жылдығы қарсаңында 2019 жылдың 21-25 тамыз аралығында Чебаксары қаласында І Халықаралық «Карусель сказок» қуыршақ театрлар фестивалін ұйымдастырды. Фестивальге алыс-жақын шетелден 25 театр ұжымы қатысты. Олар: Бангладеш, Беларусь, Германия, Гонконг, Казахстан, Жапония және т.б. Фестиваль мақсаты әлемдік қуыршақ театр өнерін дәріптеу, дамыту, сақтау болып табылады және әлем халықтарының ұлттық әрі дәстүрлі ертегілеріне арналды.

   

   

Облыстық «Алақай» қуыршақ театры осы фестивальге шақырту алып, режиссер С.Балыковтың қазақ халық ертегісі «Сырттандар» желісі бойынша қойылған «Тізгініңді босат та, құстай самға» (Отпусти поводья и лети…») спектаклін сахналады. «Алақай» қуыршақ театры Чуваш мемлекеттік қуыршақ театрының үлкен залын 23 тамыз күні өз спектаклін көрсетті. Көрермендер тарапынан жылы қабылданып, қонақтар түрлі лебіздерін білдірді.  «Тізгініңді босат та, құстай самға» спектаклі үшін театр ұжымы «Жоғары көркем безендірілгені үшін» («За высокохудожственное оформление») дипломымен марапатталды.

Қала күніне орай «Алақай» қуыршақ театры 24 тамыз қала тұрғындары назарына «Московская набережная» алаңында Г.Гипиковтің «Жадыра, жайна, достар!» (Улыбайтесь, друзья, улыбайтесь») эстрадалық шоу бағдарламасын ұсынды.

«Карусель сказок» фестивалімен қатар Чебоксары қаласында 23-25 тамыз аралығында дәстүрлі V Халықаралық ерекше көрермендерге арналған «Одинаковыми быть нам не обязательно» ерекше театрлар фестивалі өтті.

Фестивальдің «Чуваш мемлекеттік мәдениет және өнер» институты өткізген біліктілік арттыру семинарларына театр ұжымы толықтай қатысты. Театр директоры Құрманалина Ә.Т. «инклюзивті спектакль сахналау жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілігін арттырса, театр әртістері «театр әртісі кәсіби қызметі барысында мүмкіндігі шектеулі көрермендермен тиімді жұмыс істеу технологиясы» тақырыбында біліктілік арттырды.