Дүниежүзілік тұтынушылар күніне орай дөңгелек үстел өтті
2022 жылдың 10-наурыз күні “Алақай” қуыршақ театрында Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күніне орай ұжым ішінде дөңгелек-үстел өтті. Театр қызметкерлеріне «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңнамасы таныстырылып, ақпараттар берілді. Күнделікті өмірде орын алған тұтынушылар құқығын бұзу бойынша кей мәселелер айтылды.
1983 жылдың 15 наурызынан бастап, бүкіл әлем «Дүниежүзілік тұтынушылар күнін» атап өтіп келеді. Халықаралық тұтынушылар ұйымы (Consumers International) жыл сайын қоғамның назарын белгілі бір өзекті мәселеге аудару үшін «Дүниежүзілік тұтынушылар құқығы күнінің» тақырыбын анықтайды.
Осы жылы Consumers International жұртшылықты цифрлық қаржылық қызметтер сегментінде тұтынушы құқықтарына назар аударуға шақырды. Себебі сандық қаржылық қызметтер мен қаржылық технологиялар бүкіл әлемде айтарлықтай өзгерістерге әкелді.