ОБЛЫСТЫҚ ІІІ «ЕРКЕТЕАТРAKTOBE» БАЛАЛАР ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ
Құрметті қуыршақ өнерін қадірлейтін қауым, сүйікті көрермендер!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және “Еріктілер жылына” орай 2020 жылдың 25-26 наурыз аралығында облыстық «Алақай» қуыршақ театры мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарына «ЕркеТеатрAktobe» атты балалар театр фестивалін өткізетіндігін хабарлаймыз.
Фестивальдің өткізілу мақсаты мен міндеттері:
- жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
- балалардың шығармашылығын деңгейін көтеру, қолдау, дамыту;
- балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту;
- театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту;
Фестивальдің өткізілу талаптары:
- фестивальге мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған театр үйірмелерінің топтары және әр топтан бір жетекші актер қатыса алады;
- әр топ тек қана 1 қойылым көрсетеді;
- қойылым ұзақтығы мектепке дейін ұйымдар үшін 8-15 минуттан, ал бастауыш мектеп оқушылары үшін 10-20 минуттан аспауға тиіс.
Фестивальге қатысатын қойылымға қойылатын талаптар:
- қойылым жайында толық қамтылған бағдарламаның болуы (қойылым аты, қатысушылар (кейіпкерлер) тізімі, көркемдік жетекшісі);
- қойылымның музыкалық сүйемелденуі (жанды дауыс, фонограмма);
- қойылымның көркемдік ерекшеліктері (костюм, декорация, реквизит);
- режиссерлік ой мен шешімнің маңыздылығы және толықтай қамтылуы (шығарманың маңызын ашып көрсету);
- Қатысушылардың (актердің) қойылым барысындағы орындау шеберлігі (кейіпкерлер образдарының ашылуы, сөйлеу ерекшелітері);
- орындаушының репертуар жасына сай келуі;
Фестиваль қорытындысы және өткізілу барысы төмендегі жас категориялары бойынша анықталады:
- 5 -6 жас
- 7-8 жас
- 9-10 жас
Фестивальге қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша марапатталады:
- «Ең үздік театр қойылымы»;
- «Ең үздік актер»;
- «Ең үздік актриса»;
- «Ең үздік сценография»;
- «Ең үздік көркемдік жетекші»;
- «Ең үздік музыкалық сүйемелдеу»;
- «Ең үздік афиша және бағдарлама».
III Облыстық «ЕркетеатрAktobe» фестиваліне қатысуға өтінім
- Өтінімдер 2020ж. 1-наурызға дейін қабылданады.
- Ұйымдастырушылық жарнасы әрбір қатысушыға – 2000 тенге;
- Білім беру мекемесінің толық атауы –
- Мекен-жайы, электрондық поштасы –
- Мекеме басшысының байланыс телефоны-
- Қойылым атауы –
- Сценарий авторы –
- Қатысушылар саны (аты-жөні) –
- Қатысушылардың жас категориясы –
- Көркемдік жетекшінің аты-жөні-
- Көркемдік жетекшінің байланыс телефоны –
Өтетін орны: Ақтөбе қ., Бейбітшілік даңғылы 17, «Алақай» қуыршақ театры
Конкурсқа жауапты: Бисенғалиева Гульнара Ойлдыахметовна
Байланыс телефондары: 95-21-12, 50-24-99, 53-14-24,87011576582
E-mail: alakai-aktobe@mail.ru
Келіңіздер! Көріңіздер! Біздің фестивальге қатысуға асығыңыздар! «Алақай» театры сіздерді күтеді!