Коми Республикасы, Сыктывкар қаласы
Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 2019 жылдың қазан айының 19-26 аралығында Коми Республикасы, Сыктывкар қаласында өткен IV Халықаралық «В гостях у Мойдыся» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысты. Театр фестивальге С.Балыковтың қазақтың халық ертегісі «Сырттандар» бойынша қойылған «Тізгініңді босат та, құстай самға» спектаклін апарған еді.
Ертегіге негізделген бұл спектакль әділ қазылар алқасы тарапынан жақсы бағаланып, «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясымен марапатталды. Және осы спектакльдегі баланың рөлі үшін театр актрисасы Салитова ӘЛИЯ «Қазылар алқасының арнайы жүлдесіне» ие болды.