Құрманалина Әсия Тәжібекқызы

Құрманалина Әсия Тәжібекқызы  – 1963 жылы 29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы технологиялық техникумына оқуға түсіп, «Костюм суретшісі» мамандығын алып шығады. Білімін жетілдіру мақсатында 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және сурет салу мұғалімі, суретші» мамандығы бойынша бітіреді. 1982-1989 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы орыс драма театрында бас суретші болып қызмет атқарады. 1989 жылдан 2009 жылға дейінгі уақытта Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының бас суретшісі қызметі бойынша еңбек етіп, 2009 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры қызметіне тағайындалады. Театр саласында 30-жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. 30 жылдың ішінде 67- астан қойылымдарға үлес қосты: драма театр сахнасында – М.Шаханов «Сенім патшалығы», С.Балғабаев «Әйелдер әлемі», «Алақай» қуыршақ театрында В.Орлов «Золотой цыпленок» – режиссері Т.Лукомский, В.Павловскистің «Айлакер түлкішек», «Дала аңызы уа, Алдар!» режиссері Б.Парманов, Ю.Фридманмен «Жаны дархан дәрігер», С.Железкинмен «Ұсқынсыз үйрек», ал Е.Пермяковпен «Ат тұяғын тай басар» спектакльдері Ресейден – 2005, 2008, 2010, Болгариядан – 2006, Грекиядан – 2007, Түркиядан – 2008, Тәжікстаннан – 2010, Сербиядан – 2011, Хорватиядан – 2016,  жылдары өткен халықаралық фестивальдердің 12 мәрте дипломанты, режиссер С.Балыковпен қойған «Тізгініңді босат та,  құстай самға!» спектаклі 2011 жылы Алматы қаласында «Ортеке – II», 2012 жылы РФ Екатеринбург қаласында «Петрушка великий – VI» халықаралық фестивальдерінде дипломмен марапатталды. Әсия Құрманалина – Қазақстандағы қуыршақ театрларының алдыңғы қатарлы таңдаулы бас суретшілерінің бірі. Оның идеясымен жасалған қуыршақтар 1996 ж. «Президент шыршасын» өткізгені үшін жоғары бағаға ие болып, ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды, 2002 жылы «Театр қуыршақтан басталады» атты тұңғыш көрмесі сәттілікпен өтті. 1986 жылдан ҚР Театр қайраткерлері одағының және сол одақтың президиум мүшесі. 2004 жылдан Қазақстан суретшілер одағының және 2005 жылы Халықаралық УНИМА одағының Бас хатшысы Мигель Аречче (Испания) ұсынысымен одаққа мүшелікке қабылданды.

2008 жылы Ресей Федерациясы Мәскеудегі Жаратылыстану ғылымдары халықаралық академиясында «Евразия бейнелеу өнері мәдениетінің негізі – қазақ фольклоры» тақырыбында диссертациялық еңбегін қорғап, «Философия ғылымдарының өнертану докторы» ғылыми атаққа ие болды.

Әсия Тәжібекқызы кәсіби шеберлігі мен іскерлік жолы, мағыналы ізденістерімен мәдениет өнертану саласындағы зиялы қауым арасында үлкен бедел, абыройға ие. Сахна суретшісі ретінде әрбір спектакльді тақырыбына сай безендіріп, театр өнерінің кәсіби деңгейін көтеруде шеберлігімен, бейімділігімен, ізденімпаздығымен жетістіктерге жетіп жүр. Кез-келген жұмыстың иінін келтіре біліп, жандандырып, қызметкерлермен ортақ тіл таба білуі – оған өз ұжымында абыройы артуына мүмкіндік береді.

Ол үлгілі жанұя иесі, аяулы жар, екі баланың анасы.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне, облыстық мәдениет басқармасы Құрманалина Әсия Тәжібекқызының театр өнерін дамытудағы елеулі еңбегі, шығармашылық жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына лайықты деп ұсынады.

Марапаттары:

1997, 2002 ж. ж. ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамоталары

2001, 2002, 2003 ж.ж. «Ең үздік сценография» номинация лауреаты

2005ж  Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының иегері,

2005ж. «Қанатты әйел -ІІ» ҚР Президенті жанындағы  Отбасы және  әйелдер істері жөніндегі ұлттық   комиссия дипломанты

2007ж. ҚР Мәдениет және ақпарат  министрлігінің  «Мәдениет  қайраткері» төс белгісі

2011ж. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының «Еңлікгүл» атты Театр өнерінің Кәсіби сыйлығының иегері, «Жыл театр суретшісі»

2011ж. Халықаралық ІІ «Ортеке» театрлар фестивалінің  «Лучшая работа художника» номинация  иегері

2013ж. Қазақстан ТҚО  «Үздік сценография» номинациясының иегері

2015ж. “Қазақстан Республикасының  Конституциясына 20 жыл” мерекелік медалі

2016ж. “Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалі

2016ж. Облыс әкімінің Астана қаласына барғаны үшін сыйақы

2017ж 6-9 маусым аралығында Шымкент, Түркістан қалаларында өткен «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне Н.В.Гогольдің Шинель» повесінің желісі бойынша қойылған «Шапан спектаклі «Ең үздік спектакль» атанып, бас жүлдені жеңіп алды.

2017ж. «Балауса» эксперименталды қойылымдар фестивалінде  Н.В.Гогольдің «Шинель» повесінің желісі бойынша сахналанған «Шапан» спектаклімен «Ең үздік сценографиялық шешім» номинациясының иегері.

2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қазақстан Театрлары ассоциасының ұйымдастыруымен Жас режиссерлердің «Қайрат Сүгірбеков атындағы I Республикалық форум-фестивалінде» Н.Гогольдің «Шинель» повесінің желісі бойынша «Шапан» спектаклі III-орынға ие болды.

Театр репертуарындағы еңбектері:

  1. «Золотокосая» М.Әуезов әңгімесі желісімен Е. Булгаровский реж: Б.Слонов 1989 жыл
  2. В.Орлов «Золотой цыпленок» реж: Т.Лукомская 1990 жыл
  3. Г.Гальперина «Путешествие в страну Мираликундию» реж: Т.Лукомская 1990 жыл
  4. В.Павловскис «Айлакер түлкішек» реж:Б.Парманов 1991 жыл
  5. А.Туровский, Е.Булгаровский «Как еж подстригся» Реж: П.И.Поторока 1992 жыл
  6. Н.Новосельская «Чей домик лучше» реж: С.Береговых 1993 жыл
  7. «Кукольный балаган» эстрадалық шоу бағдарлама Реж: С.Береговых 1994 жыл
  8. С.Береговых «Алакай на манеже» реж: С.Береговых 1996 жыл
  9. П.Высоцкий, И.Дмитриев «Ох и Кузьма» реж: С.Береговых 1996 жыл
  10. С.Береговых «Петрушкины рассказки» реж: С.Береговых 1996 жыл
  11. «Волк на дереве» реж: С.Береговых 1997 жыл
  12. «Звездное шоу» 1998 жыл
  13. «Новогодное приключение» реж: Т.Лукомская 1998 жыл
  14. Т.Лукомская «Цирковая фейерия» реж. Т.Лукомская 1999 жыл
  15. С.Қалиев «Қоянның қулығы» реж: Д.Жәлекенов 2000 жыл
  16. «Мың бір түн» желісімен «Шехеризаданың махаббат сазы» реж: Д.Жәлекенов 2000 жыл
  17. Ш.Құсайынов «Алдар көсе» реж: Д.Жәлекенов 2001 жыл
  18. М.Бартенев «Здравствуйте!» реж: В.Корчуков 2002 жыл
  19. Х.Гюнтер «Мүйізтұмсық пен Керік» реж: Г.Гипиков 2002 жыл
  20. Н.Табылдинова «Мерекелі Мешін жылы»,«Наурыз шашу» реж:   А.Көптілеуов   2003 жыл
  21. А.Қадыров «Малшылар патшасы» реж: Д.Жәлекенов 2003 жыл
  22. Қазақ ертегісі «Ұр,тоқпақ!» реж: Г.Гипиков 2003 жыл
  23. Г.Гипиков «Қуыршақтардың ғажайып әлемі» реж: Г.Гипиков 2003 жыл
  24. А.Веселов «Күн іздеген аққалалар» реж: Г.Гипиков 2004 жыл
  25. А.Адасбаева «Нұрлы жылға нұр шашу»,«Қош келдің, әз Наурыз!» 2004-2006 ж.ж
  26. Е.Чеповецкий «Алдарыңызда Клоун!» реж: Г.Гипиков 2004 жыл
  27. М.Азов В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар реж: Е.Пермяков 2005 жыл
  28. А.Болдинов «Қияндарға кетпеші…» реж: Р.Рахимов 2006 жыл
  29. Халық аңызы «Дала аңызы –Уа Алдар» реж: Б.Парманов 2006 жыл
  30. Р.Готкина «Дулитл хикаялары» реж: Ю.Фридман 2007 жыл
  31. Х.К.Андерсен «Ұсқынсыз үйрек» реж: С.Железкин 2007 жыл
  32. М.Супонин «Қиқар қоян» реж: С.Железкин 2008 жыл
  33. В.Швембергер «Ақылға келген Аю» реж: Г.Гипиков 2008 жыл
  34. Е.Иванова «Қызыл, сары, жасыл көк және аздап көгілдір» реж: Е.Иванова 2009 жыл
  35. Г.Біржанова «Жаңажылдық орман хикаялары» реж: Ә.Құрманалина
  36. Г.Біржанова 2009 жыл
  37. В.Гауф «Мукранның жазасы» реж: В.Смирнов 2010 жыл
  38. М.Бартенов «Беске дейін санаймын…» реж: В.Смирнов 2010 жыл
  39. Жапон ұлтының халық ертегісінің желісі бойынша «Аспандап ұшқан ақ тырна» реж: Р.Рахимов 2011 жыл
  40. Қазақ ертегісінің желісі бойынша «Тізгініңді босат та құстай самға!» реж: С.Балыков 2011 жыл
  41. Балалар ертегісі «Қайдасың анашым?» реж: Р.Рахимов 2012 жыл
  42. Йозеф Пегр «День Кутясика и Кутилки» реж: С.Балыков 2012 жыл
  43. «Мультисказка про…» реж: Ж.Қалқабеков 2014 жыл
  44. Г.Қалдина «Сезім жібі» реж: Б.Парманов 2014 жыл
  45. Д.Исабеков «Құстар фестивалі» реж: М.Хабибуллин 2016 жыл
  46. «Алтын адам» реж: М.Хабибуллин 2016 жыл
  47. Н.В.Гогольдің «Шинель» повесінің желісі бойынша «Шапан», реж: М.Хабибуллин 2017 жыл
  48. Г.Калдина «Каңбақ шал» реж: М.Хабибуллин 2017г.