«Үздік бақылаушы» облыстық бейнеролик байқауы басталды

Құрметті азаматтар!

Сізді «Үздік бақылаушы» облыстық бейнеролик байқауына қатысуға шақырамыз. Байқау мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтерінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру (жол, мектеп,балабақшалар, емхана құрылыстары), сондай-ақ бюджет қаражатын бөлу және игеру сұрақтарына «Құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық мониторинг асыратын тұрғындар арасында өтеді.

Байқау жұмыстары 2018 жылдың 20 қыркүйегімен 20 қарашасы аралығында қабылданады.

Байқау жұмыстары күн сайын дүйсенбі мен жұма күндері аралығында келесі мекен жай бойынша қабылданады:

– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 103 кабинет немесе antikor_aktobe@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет, телефон: 55-09-51.

– «Ақтөбе облысының ҮЕҰ бірлестігі» ЗТБ Ақтөбе қаласы, Прохорова көшесі 11 немесе umitaigul@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет, телефон: 24-40-70.

БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Байқау жұмысы байқау тақырыбына сәйкес болуы қажет;
  2. 2.Байқауға жұмыстар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі бейероликтер нысанында беріледі;
  3. Бейнеролик AVI форматында және бейнетүсірілім 720*480 пиксельді қамтитын сапада болуы қажет;
  4. Бейнеролик ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс;
  5. Байқау қатысушысы туралы мәліметтер көрсетілмеген, сапасыз түсірілген немесе басқа көздерден, оның ішінде ғаламтордан алынған жұмыстар қабылданбайды;
  6. Сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету фактілері бойынша бейнетүсірілім тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің аумағында жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру (жол, мектеп, балабақша, емхана) мәселелері, сондай-ақ бюджеттік қаражатты игеру және бөлу сұрақтары көрсетілетін бейнероликтер қабылданады.

Байқау қорытындылары 2018 жылдың 9 желтоқсанында шығарылады және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеморлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ресми сайтына (http://akt.kyzmet.gov.kz/) жарияланады.  Жүлделі орын алған байқау жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады.

Байқау ережесімен танысу түшін келесі сілтеме бойынша өтуге болады https://drive.google.com/open?id=1YkqjzorNI0QP8_Aa47HejsHRi8uViw3rC7dDVyA82K0