Беске дейін санаймын…
Авторы : М.Бартенев
Режиссері: В.Смирнов
Суретшісі: Ә. Құрманалина
Музыкамен көркемдеуші: А.Ермекбаев
«Су жүрек, қорқақ» деген атау тек қояндарға тән секілді. Ал, мына кейіпкеріміз… өзін өзі қайрап, беске дейін санаса… бойындағы үрей мен қорқынышты жеңіп батырға айналып, тіпті өзіне достар да тауып алады.
Өмірде бар қиындықты өз күшіңмен жеңіп, мақсатыңа жете білгенге не жетсін шіркін! Тіпті, досы үшін құрбан болуға да әзір. Ең бастысы – өз бағаңды білу, оны мойындату.
Міне, айтарымыз – осы.
Жас ерекшелігі: 5+
Қойылым ұзақтығы: 45 минут.
Тұсаукесері: тамыз, 2010 ж.