Жанар Молдашева

Жанар Молдашева қуыршақ өнеріне ойламаған жерден келді. Таңдаған мамандығы экономист-есепші болса да, еңбек жолын мектепте ұстаздық етуден бастады. Мектеп мұғалімдерінің оқушыларын мәдениет пен өнер ошақтарына апаратын  әдетімен  Жанар да «Алақай» театрына келді.  Бастауыш сынып оқушылары қуыршақтардың ойынына елтіп, ерекше мәз болды. Тіпті Жанардың өзінің қуанышында шек болмады. Бүлдіршіндерді бір сәтте бақытқа кенелткен қуыршақ театрының артистеріне қатты қызықты. Содан «Алақайға» деген қызығушылығы оянды, оның бірде-бір жаңа қойылымынан қалмай, қайта-қайта қарайтын.

Бір күні өзінің осы сахнаға қалай шығып кеткенін аңғармай қалды. Актерлік мамандығы болмаса да, Жанардың оттай жанған жанарына, жастық жалынына, өнерге  деген іңкәрлігіне  сүйсінген сол кездегі театр директоры Н. Сәрсембайқызы Жанарды театрға қызметке алды.

«Күншуақты досым», «Пай – пай, қасқыр-ай», «Қызыл, сары, жасыл көк және аздап көгілдір», «Ақылға келген аю»,  тағы да басқа қойылымдарда өзін көрсете берді. Әсіресе, ер баланың, тентек, ерке бүлдіршіннің рөлдері еншісіне тигенде жандырып ойнайтын Жанар  әріптестерінен көп нәрсені үйренді, өз бетінше ізденуден жалыққан емес, марапаттан да құр қалған жоқ. Бүгінде  кәсіби білімін жетілдіруде.

Марапаттары:

2016ж.- Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Құрмет грамотасы.

Репертуардағы рөлдері:

  1. В.Павловскис «Бақашық пен Теңіз»- Бақашық. Режиссері-Г.Гипиков, 2002ж.
  2. А.Веселов «Күн іздеген аққалалар»- Аққала. Режиссері- Г.Гипиков, 2004ж.
  3. В.Маслов «Күншуақты досым»- Орман Қояны. Режиссері- Г.Гипиков, 2005ж.
  4. Х.К.Андерсен «Ұсқынсыз үйрек»- Балапан, Тауық. Режиссері-С.Железкин, 2007ж.
  5. А.Хайт, В.Курляндский «Пай-пай,Қасқыр-ай!»-Қоян. Режиссері-Г.Гипиков,2007ж.
  6. М.Супонин «Қиқар Қоян»- Қоян. Режиссері-С.Железкин,2008ж.
  7. В.Швембергер «Ақылға келген Аю»- Маша. Режиссері-Г.Гипиков,2008ж.
  8. «Қызыл, Сары, Жасыл көк және аздап көгілдір»- Бағдаршам. Режиссері-Э.Иванова, 2009ж.
  9. В.Гауф «Мукраның жазасы»-Мысық, Ханшайым. Режиссері-В.Смирнов, 2010ж.
  10. «Аспандап ұшқан ақ тырна»-Хокэй. Режиссері-Р.Рахимов, 2011ж.
  11. «Тізгініңді босат та, құстай самға…»- Ақтабан. Режиссері- С.Балыков, 2011ж.
  12. «Қайдасың анашым?»- Марғау. Режиссері- Р.Рахимов,2012ж.
  13. Н.Осипова «Бір жарым уыс»- Қошақан. Режиссері-Г.Гипиков, 2013ж.
  14. «Мультертегі»- Цыпа балапан. Режиссері- Ж.Қалқабеков, 2014ж.
  15. С.Қасымбек «Кірпітай мен Тасбақа»-Тасбақа, Қарға. Режиссері-Н.Мұратов,2016ж.
  16. Д.Исабеков «Құстар фестивалі»- Сауысқан. Режиссері- М.Хабиболла, 2016ж.
  17. Т.Майбас «Алтын Адам»- Төрт құбыланың бірі. Режиссері- М.Хабиболла, 2016ж.