Алмагүл Қаражанова

Алмагүл Қаражанова сияқты Ақшақарды Ақтөбеден іздеп таппайсыз, оның шынайы ойыны,  нәзіктігі, актерлік шеберлігі ешкіммен салыстыруға келмейді. Балаларды демде үйіріп әкетеді. Ол ойнаған «Күншуақты досым» ойылымында Күннің Шуағын , «Пай – пай, қасқырда» Қызыл телпекті қыз бен Тасбақаны, «Тізгініңді босат та, құстай самға!» спектаклінде  Итті , «Қияндарға кетпеші»  қойылымында ләйлектің балапанын , «Қырсық қоянда» Тиінді, «Кутясик пен кутилканың бір күнінде» жүргізушіні,  «Бір жарым уыста» Қошақандыойнайды, «Аспандап ұшқан тырнада»  көпшілік сахнада  көрінеді.

Алмагүл кейіпкерлерінің сөзін көрермендеріне қапысыз жеткізе алады, сахна қозғалысын жақсы меңгерген, қағілез, жеңіл. Рөлдеріне жауапкершілікпен қарайды.

Марапаттары:

2012 ж.-Облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы

Репертуардағы рөлдері:

  1. «Қуыршақтардың ғажайып әлемі»- Жүргізуші. Режиссері-Г.Гипиков, 2003ж.
  2. В.Павловскис «Бақашық пен Теңіз»- Медуза. Режиссері-Г.Гипиков, 2002ж.
  3. М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар»- Жылқы. Режиссері- Е.Пермяков, 2005ж.
  4. С.Қалиев «Қоянның қулығы»- Қоян. Режиссері- Д.Жалкенов, 2000ж.
  5. «Қайдасың анашым?»- Марғау. Режиссері- Р.Рахимов,2012ж.
  6. «Қызыл, Сары, Жасыл көк және аздап көгілдір»- Жасыл бағдаршам. Режиссері-Э.Иванова, 2009ж.
  7. М.Бартенев«Беске дейін санаймын»-Тиін. Режиссері-В.Смирнов,2010ж.
  8. А.Болдинов «Қияндарға кетпеші…»-Айстенок. Режиссері- Р.Рахимов, 2006ж.
  9. Й.Пегер «Кутясик пен Кутилканың бір күні»-Ертекші-жүргізуші. Режиссері-С.Балыков,2012ж.
  10. М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар» Режиссері- Е.Пермяков, 2005ж.
  11. Н.Осипова «Бір жарым уыс»-Қошақан. Режиссері-Г.Гипиков, 2013ж.
  12. «Мультертегі»- Смешарик, Пингвин. Режиссері- Ж.Қалқабеков, 2014ж.