Жанәділова Ақбөбек
«Алақайда» қашан көрсең де табаны жерге тимей жүгіріп жүретін осы бір шынашақтай қызды бүлдіршіндер жазбай таниды. Көзді ашып-жұмғанша бір емес, бірнеше істі бастап және аяқтап үлгереді. Ол бала кезінен-ақ елгезек, тындырымды болғанға ұқсайды.
Жанәділова Ақбөбек Жолдығалиқызы 1977 жылы өмірге келген. Ақбөбек орта мектепті бітірген жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжіне оқуға қабылданды. Арнаулы орта оқу орнын тәмамдаған ол білімін одан әрі жетілдіру үшін Алматы барды. Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын «теледидар және кино» мамандығы бойынша тәмәмдады. Оның өнерге деген сүйіспеншілігі «Алақай» қуыршақ театрына алып келді.
Өз жұмысына деген адалдығы айрықша. Жауапкершілігі бөлек.
Спектакльдерде бала да болады, құстарша сайрайды, момақан қошақан кейпіне де ене алады, әйтеуір дауысын мың құбылтып сөйлеуге шебер. «Алдар Көсе» спектаклінде бірде әншілігімен көзге түссе, енді бірде Шайтан кейпіне еніп, көрермендерін қайран қалдырады. «Қайдасың, анашым?» қойылымында Бақаның дауысы мен іс-қимылдарын айнытпай салып, көрерменін күлкіге қарық қылады.
Ақбөбектің белсенділігі бір бөлек, оның шапшаңдығына ілесу оңай шаруа емес. Өзінен де, өзгелерден де тәртіп пен бірсөзділікті талап ететін, ойын бүкпей ашық айтып салатын Ақбөбекті әріптестері сыйлайды. Оның ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жұмысына адалдығы үшін театр әкімшілігі оны режиссердің көмекшісі етіп тағайындады.
А. Жанәділова ҚР Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының, облыстық «Жас дәурен» жастар фестивалінің лауреаты атанды. Облыс әкімі сыйлығының иегері. Қуыршақ театры үшін зәру мамандық болып табылатын режиссураға мойын бұрған Ақбөбектің ол істен де оң нәтиже шығаратынына ұжымы сенеді. «Алақай» қуыршақ театрында 16 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді.
Марапаттары:
2009 ж. -ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты.
2013 ж.- Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының иегері.
2015 ж.- Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Құрмет грамотасы
Репертуардағы рөлдері:
- С.Қалиев «Қоянның қулығы»- Қонжық. Режиссері- Д.Жалкенов, 2000ж.
- «Шаһризаданың махаббат сазы»- Шаһризада. Режиссері- Д.Жалкенов, 2000ж.
- Ш.Құсайынов «Алдар Көсе»- Келіншек.Режиссері- Д.Жалкенов, 2001ж.
- В.Павловскис «Бақашық пен Теңіз»- Медуза. Режиссері-Г.Гипиков, 2002ж.
- Х.Гюнтер «Мүйізтұмсық пен Керік»- Маймыл. Режиссері- Г.Гипиков, 2002ж.
- А.Қадыров «Малшылар патшасы»- Жалмауыз кемпір. Режиссері-Д.Жалкенов, 2003ж.
- «Ұр,тоқпақ!»-Балшекер әже. Режиссері- Г.Гипиков, 2003ж.
- А.Веселов «Күн іздеген аққалалар»- Тиін, Қоян. Режиссері- Г.Гипиков, 2004ж.
- М.Азов, В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар»- Жылқы,жылан,қасқыр. Режиссері- Е.Пермяков, 2005ж.
- .«Дала аңызы- Уа, Алдар!»-Шайтан,Халық. Режиссері- Б.Парманов, 2006ж.
- Х.К.Андерсен «Ұсқынсыз үйрек»- Тәтей,Тауық. Режиссері-С.Железкин, 2007ж.
- М.Бартенев«Беске дейін санаймын»-Бақа. Режиссері-В.Смирнов,2010ж.
- Н.Осипова «Бір жарым уыс»-Шошқа, Түлкі, Көгершін. Режиссері-Г.Гипиков, 2013ж.
- «Мультертегі»- Винкс. Режиссері- Ж.Қалқабеков, 2014ж.
- Г.Қалдина «Сезім жібі»-Таңсық. Режиссері-Б.Парманов,2014ж.
- Г.Қалдина «Дана табиғат»- Қарлығаш. Режиссері- Г.Баймағанбетова, 2015ж.
- Д.Исабеков «Құстар фестивалі»- Бұлбұл. Режиссері- М.Хабиболла, 2016ж.
- Т.Майбас «Алтын Адам»-Сұлу қыз.Режиссері- М.Хабиболла, 2016ж