Роза Балғалиқызы

Роза Балғалиқызы да тума таланттардың бірі. Ол да бала кезінен өнерге іңкәр болатын, елге келген өнер ұжымдарының концерттері мен спектакльдерінен қалмайтын. Бірақ менің болашақта жолым өнерге бұрылады деп күткен жоқ.  Мұғалімдік мамндықты өз қалауымен таңдаған Роза  бір күні «Алақай» қуыршақ театрының спектаклін көрді де, өз мамандығымды өзгертсем қайтеді деген ойға келді. Оңашада ән салды, би биледі. Өнерге деген құштарлық  оны театрға  тартты да тұрды. Тіпті күн аралатпай театрға келіп, қойылымдарды тамашалап жүрді. Сөйтіп Роза 2005 жылы ол «Алақай» қуыршақ театрына жұмысқа тұрды.

Ақжарқын Роза әріптестерімен етене араласып, режиссерлармен тынбай жұмыс жасауының арқасында бүгінде  кәнігі актерге айналды. «Күншуақты досым», «Қиқар қоян», «Аспандап ұшқан ақ тырналар», «Дулитл хикаялары» сияқты спектакльдерде бас рөлдерді сомдап, көрермен ықыласына бөленді.

Қуыршақ театрының мерейін үстем етіп жүрген Роза Балғалиқызы кәсіби білімін жетілдіріп отырады, халықаралық фестивальдерде үздік атанған спектакльдердің бәрінде үлкен үлесі бар.  Ол — ерік-жігері мықты, әр рөлін ерекше шабытпен  жандырып ойнайтын қызуқанды актриса. Театрдың намысын қолдан бермеуді ойлайтын қайсар актриса әріптестерін жігерлендіруден шаршамайды.   Ол «Жас дәурен» облыстық байқауының лауреаты.  Қазақстан театр қайраткерлері одағының Құрмет грамотасымен марапатталған. Театр сахнасында 11-жылдам астам уақыт бойы еңбек етіп келеді.

Марапаттары:

2012 ж.- Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Құрмет грамотасы.

Репертуардағы рөлдері:

  1. В.Павловскис «Бақашық пен Теңіз»-Акула, Медуза. Режиссері-Г.Гипиков, 2002ж.
  2. В.Маслов «Күншуақты досым»- Күн Қояны. Режиссері- Г.Гипиков, 2005ж.
  3. Р.Готкина «Дулитл хикаялары»- Чичи, Сиыр, Қызметші. Режиссері-Ю.Фридман,2007ж.
  4. .Супонин «Қиқар Қоян»- Қоян- Бука. Режиссері-С.Железкин,2008ж.
  5. «Қызыл, Сары, Жасыл көк және аздап көгілдір»-Жасыл бағдаршам. Режиссері-Э.Иванова, 2009ж.
  6. «Жадыра,жайна достар!»-Жүргізуші. Режиссері-Г.Гипиков,2009ж.
  7. «Аспандап ұшқан ақ тырна»-Томоко. Режиссері-Р.Рахимов, 2011ж.
  8. «Тізгініңді босат та, құстай самға…»- Құмалақшы, Қоян. Режиссері- С.Балыков, 2011ж.
  9. Й.Пегер «Кутясик пен Кутилканың бір күні»-Кутилка. Режиссері-С.Балыков,2012ж.
  10. Н.Осипова «Бір жарым уыс»- Түлкі, Шошқа, Көгершін. Режиссері-Г.Гипиков, 2013ж.
  11. «Мультертегі»- Аю, Жалқау. Режиссері- Ж.Қалқабеков, 2014ж.
  12. Д.Исабеков «Құстар фестивалі»-Тауық. Режиссері- М.Хабиболла, 2016ж.
  13. Т.Майбас «Алтын Адам». Режиссері- М.Хабиболла, 2016ж.
  14. М.Логинов «Ғажайып қолшатыр»- Оле,Тышқан,Қоян. Режиссері-Р.Балғалиқызы,2017ж.