«Ассалаумағалейкум – VІI» Халықаралық қуыршақ театр фестивалі

«Алақай» қуыршақ театрының 40 жылдығына орай «Ассалаумағалейкум-VІI» Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі 2025 жылдың 21-26 қыркүйек аралығында «Алақай» облыстық қуыршақ театрында өтті.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:

  • Қуыршақ театры өнерін кеңінен таратып, шығармашылық байланысты нығайту.
  • Түрлі мемлекет қуыршақ театрлары ұжымдарының өзара кәсіби тұрғыда араласуына және серіктестіктің туындауына жағдай жасау.
  • Фестивальға қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыру

«Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі алғаш 2004 Ақтөбе қаласының 135 жылдығы аясында тұсауын кесіп, екі жылда бір рет өтіп келеді. Фестиваль аясында ТМД, Еуропа елдерінен 63-тен астам өнер ұжымдары өнер көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша марапатталып келді.

Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестивалі Ақтөбе облысының өнер мен мәдениет айдынындағы брендттік жобасына айналып отыр. Үздік шыққан қуыршақ театрлар қойылымдарын                         22-25  қыркүйек аралығында шетелден және өзге облыстардан келген 16 ұжым сахналайтын болады.

Қатысушы театрлар:

  1. Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры (Қазақстан, Ақтөбе қ.)– «Китті жолықтырған күн» – режиссер Р.Бокланов;
  2. Владимир облыстық  қуыршақ театры (Ресей, Владимир қ.)  – «Сказка о рыбаке и рыбке» – режиссер Антон Валерьевич Балабаев;
  3. Гәнжә мемлекеттік қуыршақ театры (Әзірбайжан, Гәнжә қ.) – «Три поросенка» – режиссер Фармаил Пашаев;
  4. «Sky Bird» қуыршақ тобы (Қытай, Гонконг қ.) – «Қытай дәстүрі»;
  5. С.Қожамқұлов атындағы  Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры (Қазақстан, Жезқазған қ.) – «Қыңыр лақ» – режиссер Ж.Каменов;
  6. Қостанай облыстық қуыршақ театры (Қазақстан, Қостанай қ.) – «MEN…» – режиссер Николоз Сабашвили;
  7. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, «Буратино» қуыршық театр-студиясы (Қазақстан, Қарағанды қ.) – «Золотой петушок» – режиссер Ляхова Нелля;
  8. Мытищи қаласындағы С. Железкин атындағы “Огниво” қуыршақ театры (Ресей, Мытищи қ.) – «Айболит» – режиссер  Мария Кузнецова;
  9. Александр Цуцунава атындағы Өзургети кәсіби мемлекеттік драма театры (Грузия, Өзургети қ. )  – «Sky Door» – режиссер  Элене Мацхоншвили;
  10. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры (Қазақстан, Қарағанды қ.)- «Қаршағыз бен жеті ергежейлі» –  режиссер А.Зайцев;
  11. Ферғана облыстық қуыршақ театры (Өзбекстан, Ферғана қ.) – Тойчок – режиссер  С.Седухин;
  12. «Тохот» көлеңкелі қуыршақ театры (Ресей, Челябинск қ.) – Аладдин –  режиссер Сергей Черепанов;
  13. Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ-музыкалық драма театры (Қазақстан, Көкшетау қ.) – «Ортеке туралы аңыз» – режиссер Ақжол Сәбит;
  14. Қарақалпақ мемлекеттік қуыршақ театры (Өзбекстан, Карақалпақстан, Нукус қаласы – «Мен ушыӯшы боламан» – режиссер Ф.Мирзаев;
  15. «Афсона» облыстық қуыршақ теары (Тәжікстан, Бохтар  қаласы) –    «Богомол и Змея» –  режиссер Абдурахим Абдурахмонов;
  16.  Мордовия Мемлекеттік қуыршақ театры (Ресей, Мордовия, Саранск қаласы) – «Красная шапочка» – режиссері В.Бирюков.

Қазылар алқасы:

  1. Жақсылықова Меруерт Болатқанқызы – театртанушы, өнертану кандитаты, Т.Жургенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры, «Өнертану» факультетінің деканы, Қазақстан, Алматы қаласы;
  2. Бекпулат Парманов Саттарович – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссері, Қазақстан, Астана қаласы;
  3. Аманкелді Мұқан Оразбайұлы  – театртанушы, өнертану кандитаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтінің «Театртану және кино» бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан, Алматы қаласы;
  4. Элистин Михаилов – актер, режиссер, падагог, Ярославль қаласы, Ресей.

Сарапшылар кеңесінің шешімімен:

  1. «Үздік спектакль» аталымы – «MEN…»  (режиссері Н.Савашвили) қойылымы үшін Қостанай облыстық қуыршақ театры (Қазақстан) (500 000 теңге)
  2. «Үздік режиссура» аталымы – «Қаршақыз бен жеті ергежейлі» қойылымы үшін Антон Зайцев – С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры (Қазақстан) (300 000 теңге)
  3. «Үздік актерлік ансамбль» аталымы – «Красная шапочка» (режиссері В.Бирюков) қойылымы үшін Мордовия Республикасы Мемлекеттік қуыршақ театры (Ресей) (300 000 теңге)
  4. «Рухани мұраны жаңғыртқаны үшін» аталымы – «Sky door» қойылымы (режиссері Э.Мацхоншвили) – А.Цуцунава атындағы Өзургети кәсіби мемлекеттік драма театры (Грузия)  (250 000 теңге)
  5.  «Үздік актриса» аталымы  – «Қыңыр лақ» қойылымындағы рөлі үшін С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртісі – Гүлім  Молдабергенова (Қазақстан) (200 000 теңге)
  6. «Үздік актер» аталымы – «Айболит» қойылымындағы рөлі үшін С.Железкин атындағы «Огниво» Мытищи қуыршақ театрының әртісі – Сергей Котарев (Ресей) (200 000 теңге)
  7. «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» аталымы – «День, когда я встретил кита кита» (режиссері Р.Бокланов) қойылымы үшін Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры (Қазақстан) (200 000 теңге)
  8. «Үздік қуыршақ жүргізу шебері» аталымы – «Қытай дәстүрі» қойылымы үшін «Sky bird» қуыршақ тобы әртісі – Снеuнg Снun Fаi (Қытай) (150 000 теңге)
  9. «Үздік музыкалық көркемдеу» аталымы – «Тойчок» қойылымы үшін Ферғана облыстық қуыршақ театры (Өзбекстан) (100 000 теңге)
  10. «Дебют» аталымы бойынша – «Ортеке туралы аңыз» қойылымы үшін Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ-музыкалық драма театры (Қазақстан) (100 000 теңге)