ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ «МАЛЫШОК» БЭБИ-СПЕКТАКЛЬДЕР ФЕСТИВАЛІ

Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 2021 жылдың 27 мамыр – 2 маусым аралығында Ресей Федерациясының Владимир облыстық қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен ІІ Халықаралық  қуыршақ театрларының «Малышок» бэби-спектакльдер фестиваліне онлайн түрде қатысты. Аталған фестивальге «Алақай» театры М.Логиновтың «Ғажайып қолшатыр» спектаклімен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.