35-ші театр маусымының жабылуы өтті

5 маусым күні “Алақай” қуыршақ театрының 35-театр маусымының жабылуы Н.Думбадзенің шығармасы желісімен сахналанған режиссер А.Зайцевтің “Ит” спектаклімен өтті.

Спектакльге театр көрермендері және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Ю. Юнисова мен орынбасары М.С. Балмағанбетова қатысып, ұжымды құттықтады.

Және театр қызметкерлеріне театр атынан алғысхаттар табысталды.

Бұл маусым театр үшін ерекше – маусым болды. Театр өзінің 35 жылдығын атап өтті. Әлемдік пандемияға байланысты онлайн форматта нешетүрлі іс-шаралар өткізді. Қызығы мен шыжығы мол бұл маусымды да аяқтадық.

Келесі маусымда көрермендерімізге ұсынар жаңалықтарымыз көп.