Халықаралық «Қуыршақтар керуені» іссапары

Театр ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай өңіраралық және мемлекетаралық шығармашылық байланысты дамыту, қуыршақ өнерін өркендету мақсатында 30 наурыз – 9 сәуір аралығында  халықаралық «Қуыршақтар керуені» іссапары аясында «Жадыра жайна, достар!» эстрадалық шоу бағдарламасымен Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Семей және Нұрсұлтан қалаларына, 21 – 27 сәуір аралығында ұлтымыздың сан қатпарлы тарихы мен салт-дәстүрінен хабар беретін М.Азов, В.Тихвинскийдің «Ат тұяғын тай басар» спектаклімен  Ресей Федерациясы, Татарстан Республикаларына Тольятти, Буа, Қазан, Уфа және Орынбор қалаларына барып қайтты.