«ЕркеТеатрAktobe» атты балалар театр фестивалі

Құрметті қуыршақ өнерін қадірлейтін қауым, сүйікті көрермендер! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 27-28 наурыз аралығында  облыстық  «Алақай» қуыршақ театры мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарына «ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалін өткізетіндігін хабарлаймыз!!!

Фестивальдің өткізілу мақсаты мен міндеттері:

  • жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
  • балалардың шығармашылығын деңгейін көтеру, қолдау, дамыту;
  • балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту;
  • театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту;

Келіңіздер! Біздің фестивальге қатысуға асығыңыздар! «Алақай» театры сіздерді күтеді!

 

Өтетін орны:

Ақтөбе қ., Бейбітшілік даңғылы 17, «Алақай» қуыршақ театры

Конкурсқа  жауапты: Бисенғалиева Гульнара Ойлдыахметовна

Байланыс телефондары: 95-21-12, 50-24-99, 53-14-24,87011576582

E-mail: alakai-aktobe@mail.ru

­­­­­­­­­­­­­_______________________________________________________________________