Су перизаты

Авторы: Г.Х.Андерсен

Режиссері:Смирнов В.А.

РФ Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері 

Суретшісі:  Құрманалина  Ә.Т.

ҚР Мәдениет қайраткері

 

Ертегі  адамдар  әлемін арман еткен, Күн, Жер, Аспанмен астасқан  жер үсті өмірі  Жарық, Жылу, Қуаныш ең бастысы Махаббатқа толы нағыз өмір деп аңсаған сүюге құштар Су Перизаты туралы сыр шертеді.

Су перизаты құштар болған осынау сезімдердің барлығы су астында орын таппаған. Су перизаттар патшайымы өз әлемін адамдар сезімінен қорғайды. Тәртіпке бағынбағандар қатаң жаза – өлімге душар болмақ… Су асты өмірінде тынысы тарылып, жан дүниесі адамдар сезімін аңсаған Су Перизатының  жер үсті өміріне, махаббат пен сезімдер әлеміне құштарлығы арта түседі. Белгісіздікке бел буған Су Перизаты Мыстанмен келісімге келіп, өзінің басын қауіп-қатер мен қиындықтарға байлайды.

Махаббатқа ешқашан  сиқыр әсер етпек емес! Су Перизатының асқан сүйіспеншіліктен жасаған құрбандығы жақсылық әкелмейді. Бірақ, ұлы сезім сынағынан сағы сынған оның рухы теңіз көпіршігіне емес, Аспан әлемінен өзінің орнын алады.

 

 

Жанр: романтикалық драма

Жас ерекшелігі: 5+

Қойылым ұзақтығы: 45 минут.

Тұсаукесері:  тамыз, 2018 ж.