«ЕркеТеатрAktobe» атты балалар театр фестивалі өткізілді

6-8 сәуір аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Бақытты бала» жобасы аясында облыстық  «Алақай» қуыршақ театры мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарына  облыстық «ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты: жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, балалардың шығармашылығын деңгейін көтеру, қолдау, дамыту, балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту, театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту.

6 сәуір «ЕркеТеатрAktobe»  атты балалар театр фестивалінің ашылуына «Алақай» театр ұжымы «Еркеге сыйлық» атты театрландырлыған көрініс көрсетті. Шараның ашылуына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Н.Қорғанбаева қатысып, жас өрендердің өнерін тамашалады.

Фестивальде  қаланың 7 және ауданның 1 мектебі, 15 мектепке дейінгі ұйымы, барлығы 220  бүлдіршін өнер көрсетті. Аталған шараға облыстық ғылыми-әдістемелік орталықтың көркемдік жетекшісі, режиссері Қалкабеков Жеңіс Абитбекұлы, мүшелері «Алақай» қуыршақ театрының актері Мұратов Нұрат Мұратұлы, Т.Ахтанов атындағы театрдың актрисасы және режиссері Тормышева Любовь Николаевна, «Talant studio» балалар шығармашылық студиясының директоры Дельманова Бақытгүл Бақытжанқызы «Импульс» драма  театрының педагогы Кравченко Татьяна Павловна және «Актюбинский вестник» газетінің журналисті  Виноградова Татьяна Юрьевна төрелік етті.

Қазылар алқасы  қатысушыларды 4 – 6, 7-8 және 9-10 жас категориялары,  «Ең үздік театр қойылымы», «Ең үздік актер», «Ең үздік актриса», «Ең үздік сценография», «Ең үздік көркемдік жетекші», «Ең үздік музыкалық сүйемелдеу»,  «Ең үздік афиша және бағдарлама», «Ең үздік балалар мюзиклі», «Жоғары деңгейдегі қойылым мәдениеті» «Ең үздік ұйымшыл ұжым»  «Үміт»,  «Жаңашыл көзқарас» және «Жасампаз ойлар», «Балалар театрындағы сатира» номинациялары бойынша барлық қатысушыларды дипломдар және естелік сыйлықтармен марапаттады.