Құстар фестивалі

Авторы : Д.Исабеков

Режиссері: М.Хабиболла

Суретшісі: Ә.Құрманалина

Хореограф: Батыр Абдуллин

Вокал: Айнұр Кустаева

Музыкамен көркемдеуші: Ерлан Саудабаев

Айнакөлдің жағасында патшалық құрған Бүркіт уәзірлерін жинап алып, орман ішіндегі барлық құстарды сәскеде жиналуын хабардар етуді бұйырады. Ондағы мәселе мәдениетке көңіл бөліп, құстар фестивалін өткізу болатын. Құстар ән байқауы туралы ести сала, бірден дайындыққа кіріседі. Байқаудан кім озады? Мыңнан тұлпар жүйріктер ме, әлде айла-амалдарын асырғандар ма? Патша Бүркіт пен қазылар алқасы қаншалықты әділ? Шындық шың басына оңайлықпен шыға қоймайтыны анық.

Жас ерекшелігі: 15+

Қойылым ұзақтығы: 50 минут.

Тұсаукесері: қазан, 2016 ж.